Теріс ағымда жүрген темірліктер кәсіпкерлікпен айналыса бастады

    Темір ауданында дәстүрлі емес діни ағымның 55 өкілі жеке кәсіп ашқан. Бұл туралы Темір ауданының әкімі Асқар Жүсібалиев мәлімдеді.

    Бүгін, 25 сәуір күні Темір ауданының әкімі Асқар Жүсібалиев баспасөз мәслихатын өткізді. Әкімнің айтуына қарағанда, аудандағы діни ахуал тұрақты. Ауданда өзге ағым өкілдері азайған.
    - Бөтен ағым етегінде жүрген азаматтардың саны – 498. Былтыр қыркүйек айында бұл көрсеткіш 532 адамды құрады. Әрқайсысымен жеке-жеке сөйлесіп жатырмыз. Олардың 245-і жұмыспен қамтылған. 35 адам жұмыссыз жүр. 76 адам бала күтіміне байланысты үйде отыр. Өзге ағым өкілдерінің саны азайып жатыр. Оның кейбірі көшіп кетті, кейбірі дұрыс жолға түсті, - дейді аудан әкімі.
    Әкімнің сөзінше, аудан тұрғындары жеке кәсіпкерлікті меңгеруде. Соның ішінде өзге ағым өкілдері де несие алып, жеке іс бастап жатыр.
    - Былтыр 60 адамды жинап түсіндірдік. Соның 7-еуі 30 млн теңге көлемінде несие алды. Оларды 1 ай оқыттық. Ислам банкі арқылы несие берілді. Негізінен олар өндріс саласында кәсіп бастады. Мәселен, макарон цехы, тігін цехы, жылыжайлар. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады. Қазір 30 адамды кәсіпкерлікке оқытып жатырмыз, - дейді Асқар Жүсібалиев.
    Оның айтуынша, Темір ауданында өзге ағым етегінде жүргендердің арасынан 55 адам жеке кәсіпкерлікпен айналысады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Алға ауданында 124 адам салафизм бағытын ұстанады
  • Мешітке түскен ұры адасқан ағым өкілі болып шықты
  • Қобда ауданы болашақта туризм кластеріне айналады
  • Мұғалжарда теріс ағым жетегінде жүрген 270 адам бар
  • Темір ауданының 455 тұрғыны дәстүрлі емес дін жолын ұстанады
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге