Зәулім үйдің иесі Сапарбаевтан көрпе-көпшік сұрады

    Суға кеткен Кірпішті ауданындағы зәулім үйдің иесі облыс әкімін өз үйіне шақырды. Ол үйінде көрпе-көпшіктің қалмағанын айтты.

    Өңір басшысы Өрлеу ауылынан кейін судан зардап шеккен Кірпішті ауданына да бас сұқты. Су арнасының бойында тізілген зәулім үйлерді көріп облыс әкімі таң қалды.

    - Мына жерде үй салуға бола ма екен? Мынау судың арнасы, осы арқылы су өту керек. Бұл жер үй салуға жарамсыз екені айдан анық. Саяжайдың орнына осыншама зәулім үйлерді салып қойған, - деді Бердібек Сапарбаев.
    Әкімнің келгенін көрген тұрғындар Сапарбаевты жан-жағынан қоршап алып, “үйіме соғып кетіңізші” деп мазалай берді. Әкім тұрғынның сөзін жерге қалдырмады.
    - Көрпе, көпшік – ештеңе қалмады, - деп тұрғын шағымдана бастады.
    - Қалай қалмады? – деп облыс әкімі түсінбей қалды.
    Содан тұрғын әкімді соңынан ертіп алып, үйінде бүкіл техниканың істен шыққанын айтты. Екі қабатты үйдің ішіне кіріп, сондағы бассейнді көрген Сапарбаев былай деді:
    - Қайта мына үй құламаған. Біз жаңа Өрлеу ауылында болдық. Сондағы үйлерді көрсеңіздер. Махамбетовка, ГМЗ ауданындағы үйлерді көріңіздер. Оларға шынымен су барған. Сосын олардың үйлері сіздердікідей зәулім үй емес. Саманнан салған үйлері құлап жатыр. Төрт-бес балалары бар. Соларға көмектесу керек, үй салып беру керек. Біз алдымен тұрмысы нашар адамдарға көмек береміз.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Сапарбаев суға кеткендерге қалай көмектеседі?
  • Ауыл тұрғындары мәдениет үйі үшін уайымдайды
  • Шенеуніктер мектеп пен амбулаторияның типтік жобасын қайда жіберді?
  • Жаңақоныстың “Шестихатқа” ауданы суға кету қаупі бар
  • Бердібек Сапарбаев: Аудан әкімдері жұмыс істемейді
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге