“Менің балам бақа ма?”

    “Менің балам бақа ма?”

    Әлеуметтік желіде кең тараған бейнебаянға байланысты 4 сыныпта оқитын Махаббат Ешимоваға бүкіл Қазақстан көмектесе бастады. Журналистердің Махаббатқа жиі келе беретінін көрген басқа ата-аналар айқай шығарды.

    Кітабы мен мектеп киімі суға кеткен Махаббат Ешимоваға көмек көрсетілді. Алайда жылап тұрған қыз түскен бейнебаян бүкіл Қазақстанға тарап кетті. Жан-жақтан тек Махаббатты сұрап жатыр. Тіпті белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева да арнайы Махаббат үшін Ақтөбеге келмек болған. Белгілі әншімен құрдастығын алға тартқан қала әкімінің орынбасары Ләззат Оразбаева Меруерт Түсіпбаеваға өз назын жеткізіпті.
    - Махаббаттан бөлек мектеп жасындағы 302 бала бар. “Меруерт, кешіріңіз, Махаббатқа сыйлық бересіз, ал қалған балаларға не беріледі? Олар да қарап отырады ғой. Олар да Махаббатпен бірге бір мектепте оқыды, олар да үйсіз қалды”. Құрдасыма осылай дедім, - дейді қала әкімінің орынбасары Ләззат Оразбаева.
    Махаббаттан сұқбат алу үшін мектепке журналистер жиі келетін болған. Оқушыға белгілі бір көмек те көрсетіле бастады. Осыны байқаған басқа ата-аналар шу шығарды.
    - “Біздің балалар адам емес пе? Біздің бала да осындай сұқбат бере алады. Қазір журналистерді шақыртып, жылап отырамыз” деп ата-аналар айқайлай бастады. Бір-бірін жұлқылаған екі ата-ананы шаққа айырдым. Бұл масқара болды. Әрең тоқтаттық, - дейді қалалық мәслихат хатшысы Сұлупан Шынтасова.
    Белгілі болғандай, Махаббаттың анасы “Табыс” базарында ет сатумен айналысады. Оның үш-ақ баласы бар, біреуі ересек. Ал онымен шатасып қалған әйелдің күйеуі жоқ, бес баласы бар, оның біреуі мүгедек.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Кітабы су астында қалған оқушыға әлеуметтік көмек көрсетілді
  • Ләззат Оразбаева: “Шанхайдың мысығына дейін танимын”
  • Ата-ананың кесірінен мұғалім таяқ жейді
  • Мектеп оқушыларына смартфон ұстауға тыйым салына ма?
  • “Мектепке жол” акциясына дін қызметкерлері де ат салысты
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге