Биыл Ақтөбеде бір миллион ағаш егіледі

    Биыл Ақтөбеде бір миллион ағаш егіледі

    Биыл Ақтөбе қаласында 2000 гектар аумақты қамтитын жер гүлзарға айналмақ. Сондай-ақ, Сазды ауылы мен әуежай алаңы шектесетін 1000 гектар аумақта жасыл белдеу алқабы пайда болады. Бір млн жүз мыңға жуық қарағаш, үйеңкі талдарын мамырдың 10-на дейін егу жоспарда тұр. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұржан Аққұл мәлімдеді.

    Бердібек Сапарбаев "Жасыл ел" жасағын пайдалануды, уақыт өткізбей жасыл белдеуді жасақтай бастауды тапсырды. Жауапты тұлғаға жұмыс мардымсыз жүріп жатыр деп ескертті. Қураған талдарды кесу де облыс әкімінің тапсырмасы болатын.
    - Қазір 12 мың гектар қураған ағаш бар, оның бәрін кесіп тазалау үшін үш жылға жоба жасалды. Бір жылда үш мың 551 гектардан қураған талдар шығарылып отырады. Ол 70 829 текше метр ағаш деген сөз. Жұмыстар жасалып жатыр. Тек қарағаштар емес, Ақтөбеде жерсінетін өзге ағаш түрлері пайда болады,- деді басқарма басшысы.
    Қаз-қатар тізілген талдар “Ақтөбе” деген жазуды бейнелемек. Егілген талдардан осындай композиция жасауды ұсынған ақтөбелік мамандар мұндай ерекшелік тек қана пайда әкелетініне сендірді.
    - Ұшақпен ұшып бара жатып, төменге қарағанда, қаланың атауы көрінетін болады,- дейді мамандар.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ауласын таза ұстамағандар жазаланады
  • Облыста пайдаланылмай жатқан 379 мың гектар жер бар
  • 25 мың көшеттің 25 пайызы шықпай қалды
  • Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салынады
  • Ақтөбені көгалдандыруға 200 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге