Үйлері құлап қалған отбасыларға баспана берілді

    Бес отбасы “Нұр Ақтөбе” ауданында пәтерлі болды. 65 отбасыға тегін жер табысталды. Кәсіпкерлер әр отбасыға 300 мыңнан 1 млн теңгеге дейін қаржылай көмек көрсетті.

    8 мамыр күні облыс әкімі су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған отбасыларға пәтер кілттерін табыстады. Атап айтқанда, әлеуметтік аз қамтылған сегіз отбасыға “Нұр-Ақтөбе” ауданындағы үйлердің бірінен пәтерлер берілді. Бұл жалдамалы пәтерлер. Бұған дейін оларда “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде” есеп шот та болмапты. Кәсіпкерлер бес отбасыны мемлекеттік бағдарламаға іліктіру үшін алғашқы төлемді өздері өтеген. Яғни қазір әр отбасының шотында 300 мың теңге жатыр. Енді әрмен қарай әр отбасы ай са-йын белгілі бір қаражат төлеп, бес-алты жылдан кейін тұрып жатқан пәтерлерін меншіктей алады.
    Сондай-ақ, үйлері қаңырап қалған 65 отбасыға жер телімдері және 1 млн теңгеге сертификат табысталды. Соның 800 мың теңгесі құрылыс материалдарына, 200 мың теңгесі құрылысшыларды жалдауға жұмсалуы тиіс. Бұл қыруар қаражат “Қолғанат-Ақтөбе” қоғамдық қоры мен Маңғыстау облысындағы мұнайшылардың жәрдемақысынан түсті.
    Бұдан бөлек, жер телімі берілгендердің арасында мүгедектер мен көпбалалы 8 отбасы бар. Олар үйлерін салып болғанша Маресьев көшесіндегі шағын отбасылы жатақханада уақытша тұрақтайды.
    - Кейбір біздің ағайындылар осыны пайдаланып, “жастығым, көрпем кетіп қалды, тоңазытқышым бұзылып қалды” дейді. Олай болмайды. Оның бәрін комиссия қарайды. Ешкім көмексіз қалмайды. Қыс басталғанша барлығының пәтер мәселесі шешіледі,-деп Бердібек Сапарбаев зардап шеккен тұрғындарға уәде етті.
    Жер алған тұрғындардың көбі Сапарбаевқа ризашылығын білдіріп жатты. Бірақ “қаланың сыртына көшірді” деп қанағатсыздық танытқандар да табылды.
    - Қурайлы – жақсы жер. Бұған дейін сіздердің қай жерде тұрғандарыңызды көрдік те білеміз. Мына жақтағы үй одан жақсы болмаса, жаман болмайды. Егер қалғандарына мына жерден жер жетпесе, онда біз басқа жерден береміз,-деп өңір басшысы халықты тыныштандыруға тырысты.
    Айта кетейік, жер телімдері Қурайлы ауылдық округі, Сазды ауылдық округі, Өрлеу ауылы, Қызылжар ауылы, Ясное ауылынан берілді.
    Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев бөлінген қаржыны мақсатына сай пайдалануға шақырды.
    - Бәріміз қазақпыз ғой. Қазақ ақша болса, бірден той жасағысы келеді. Сіздерге қазір ең керегі – үй! Сондықтан сіздердің ақшаларыңызға құрылыс компаниялары құрылыс материалдарын әкеп береді. Содан кейін үйді өздеріңіз саласыздар,-деді өңір басшысы.
    Әркімге сегіз сотық жер бөлініп берілді. Алайда “жерім аз” деген азаматтар жергілікті биліктен рұқсат сұрап, жер аумағын ұлғайта алады. Дегенмен құрылыс материалдарына жұмсалатын 1 млн теңге тек сегіз сотыққа ғана есептелген. Сондықтан жоспардан тыс үлкен үй салғысы келген азаматтар артық шығынды өздері өтейді.
    Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың айтуынша, мекеме басшылары өз қарамағында жұмыс істейтін азаматтарға қаржылай көмектесуі тиіс. Осылайша, АФЗ, “Ақбұлақ” мекемелері су тасқынынан зардап шеккен өз жұмысшыларына ақшалай көмек бермек.
    - Қай мекеме көмектеспесе, онда бізге айтыңыздар. Егер олардың басшылары көмектеспесе, олармен басқаша сөйлесеміз. Ағайындар, “маған жақындау жер керек” дегенді қойыңыздар. Жерді бергенге тәуба, шүкіршілік ету керек, - деді Бердібек Сапарбаев.
    Еске сала кетелік, былтыр Ақтөбе облысында 128 мың адам жер кезегінде тұрды. Бұл туралы облыстық жер қатынастар басқармасының басшысы Қабай Сәрсенғалиев мәлімдеген еді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Үйі суға кеткендерге жер беріледі
  • Сапарбаев суға кеткендерге қалай көмектеседі?
  • “Қолжетімді баспана” кімдер үшін қолжетімді?
  • Кәсіпкер аз қамтылған отбасыларға қой, сиыр, жылқы таратпақ
  • Ақтөбеде тұрғын үй кластері құрылады
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге