Рамазан айы басталды

    Рамазан айы басталды

    Биыл ораза 27 мамырда басталып, 24 маусымда аяқталады. Рамазан айында "Нұр ғасыр" мешіті бірқатар шараларды қолға алмақ.

    "Нұр ғасыр" мешіті Рамазан айы уақытында жаңа іс-шаралар жоспарын әзірлеуде. Солардың бірі – "Жақсылықта жарысайық" деп аталады. Осындай ұранмен жасалатын қайырымдылық шара аясында көп балалы отбасыларға, қарттар үйі немесе балалар үйіне көмек көрсетіледі.
    Сондай-ақ, "Отыз күнге отыз сауап" шарасы жоспарланып отыр. Имамдар жамағатпен бірге Қасиетті айдың әр күнінде бір жақсылықтан жасап тұрады. Мысалы, қарт адамдардың үйлерін жинап беру немесе науқас жандардың көңілін сұрау секілді.

    - Адамға көмекті қаржылық тұрғыда ғана беру міндетті емес.Сөзжәрдем және қолжәрдем секілді қолдаулар болады. Қазақта асар деген әдемі ұғым бар. Сондай көмектерді көрсетуіміз қажет. Садақаның үлкен-кішісі болмайды,– дейді облыстық "Нұр ғасыр" мешітінің бас имамы Төлеби Оспан.
    Сонымен қатар, ораза кезінде қаламыздағы барлық мешіттердің алдына киіз үйлер тігіліп, 100-150 адамға арналған күнделікті ауызашар дастархандары жайылмақ.
    Биыл қасиетті Қадір түні 21 маусымнан 22-не қараған түнге келіп отыр. Ал Ораза айт мерекесі 25 маусымда болады. Пітір садақа мөлшері 300 теңге болып бекітілген. Немесе садақаны шариғатта жазылған тағам түрлерімен де беруге болады.

    Сонымен қатар, биыл қажылыққа барамын деушілер үшін "Та-уаф" компаниясы іске қосылды. Қажылық компания биыл 300 адамды Меккеге апарып қайтуды жоспарлап отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде 100 отбасыға көмек көрсетілді
  • Имамдар ақтөбеліктерді ішімдіксіз той өткізуге шақырды
  • Ауызашар кезінде 10 келі құрма таратылды
  • Мешіттегі ауызашарға кісі көп жиналуда
  • Қош келдің, Рамазан!
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге