“ Ақтөбе” футбол клубының бұрынғы бас директоры сотталды

    “Ақтөбе” футбол клубының бұрынғы бас директоры 8 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұған дейін үй қамағында жүрген Дмитрий Васильевтің қолына сот залында кісен салынды.

    Ақтөбе соты бүгін жергілікті футбол клубына қатысты атышулы іске соңғы нүкте қойды. Судья Гүлнар Тлепова Дмитрий Васильевті Қылмыстық кодекстің 189- бабының 4-бөлімі “Бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін иемденіп алу немесе талан-таражға салу” бойынша айыпты деп тапты. Жеке мүлкін тәркілеп, 8 жылға бас бостандығынан айырды. Ал облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы 7 жылға сотталды. Сот Ескендірбек Махановты Қылмыстық Кодекстің 28- бабының 5 - бөлімі-189 бабының 4 бөлімі және 362-бабының 4-бөлімі (сеніп тапсырған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салуға көмектесу, лауазымдық өкiлеттілігін асыра пайдалану) бойынша кінәлі деп тапты. Ол мемлекеттік қызметте басшылық лауазымда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айрылды.
    - Сотта Дмитрий Васильев пен Е. Махановтың атқарушы биліктің сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрестегі және жергілікті атқарушы органдардың облыстық дене шынықтыру және спортты дамытудағы жалпы мемлекеттік саясатын жүзеге асырудағы беделін түсіргені ескерілді, -дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы Илиада Досова.
    Бұған қоса сотталушылардан Ақтөбе облыстық қаржы басқармасына 240 млн теңгеден астам материалдық шығын өндірілуі тиіс. Сондай-ақ Д. Васильев мемлекетке 43 млн 836 теңге, ал Ескендірбек Маханов 1 млн 94 мың теңге қайтаруы тиіс. Алайда бұл үкіммен адвокаттар келіспейді. Олар аппелияциялық шағым түсірмек.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Дмитрий Васильев қылмыстық істі тоқтатуды талап етті
  • Дмитрий Васильев: Бізге ескерткіш қою керек
  • Дмитрий Васильевтің ісі сотқа түсті
  • Ақтөбелік миллиардер 4 жылға сотталды
  • Ақтөбелік экс-депутат Мейіржан Өндіргенов 4 жылға сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге