Бердібек Сапарбаев: “Жол ақысы қымбаттамайды!”

    Ақтөбеде жол ақысы көтерілмейді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жолаушы тасымалымен айналысатын кәсіпорындарға осындай тапсырма берді.

    Өңір басшысының сөзінше, жолаушылар тасымалының қазіргі жағдайы көңіл көншітпейді. Қоғамдық көліктердің уақыт ара қашықтығы, қозғалыс кестесі мен автобус салонының санитарлық-техникалық жағдайына шағым көп. Соның салдарынан ақтөбеліктер аялдамада сағаттап тұруға мәжбүр. Тасымалдаушылар тарифті көтеруді сұрамас бұрын билік пен қоғам алдындағы барлық келісімшарттық міндеттерді толықтай орындауы қажет.
    - Тариф көтерілмейді! Сіздер жеңіл жолды тауып алғансыздар. Барлық сұрақты тариф арқылы шешуге дағдыланғансыздар. Кіріс әкелетіндей жұмыс істеу үшін тиімсіз шығындарды азайтып, түсетін пайданы бақылауды күшейтіңіздер,-деді өңір басшысы.
    Алайда “Автопарк” пен “Жолаушылар автокөлігі кәсіпорыны” ЖШС-рі әкімнің бұл уәжімен келіспейді. Олар автобустардың жағдайы мен уақыт ара қашықтығының сақталмауын автопаркті жөндеу мен жаңарту үшін қаржының жоқтығымен байланыстырды. Тасымалдаушылар бұл мәселені тек қалалық көлік тарифін көтеру арқылы ғана шеше алатындарын айтады.

    - Қала әкімдігіне тарифті көтеру туралы тағы ұсыныс жасаймыз. Өйткені 1 маусымнан бастап дизельдік отын бағасы қымбаттайды. Шығынымыз көбейеді. Облыс әкімі халықтың қалтасына қиын болмасын деп отыр.Бірақ, қала әкімдігі мен қала тұрғындары да бізді түсіну керек. Соңғы рет тариф 2014 жылы көтерілді.Соңғы үш жылда жанар-жағар май да, қосалқы бөлшектер де қымбаттады.Жолақысы қымбаттаса ғана тасымалдау сапасы артады. Өйткені күндік табысымыз тек келесі күнге жанар-жағар май алуға, жұмысшылардың жалақысы мен салыққа ғана жетеді. Заңда тасымалдаушының шығыны 10 пайызға қымбаттаса, әкімшілік өз тарапынан тарифті қарау керек делінген.Ал қазір біздің шығынымыз 80 пайызға жетті. Қазір балансымызда 389 автобус бар. Оның күніне тек 270-280 ғана жолаушылар тасымалдауға шығады. Қалғаны қосалқы бөлшектері болмағандықтан, автотұрақта тұр. Кейбірі бұзылып жатыр,-дейді “Автопарк” ЖШС заңгері Руслан Жылқаманов.
    Айта кетелік, Ақтөбеде жолаушылар көлігі gps-трекерлермен жабдықталатын болады. Бүгінде бұл құрылғы “Жолаушылар автокөлігі кәсіпорыны” ЖШС-нің барлық автобустары мен шағын автобустарына орнатылған. Қазір “Автопарк” ЖШС көліктері GPS-тректермен жабдықталып жатыр. GPS бақылау автобустардың қозғалысын, желіде болған уақытын, аялдамалар санын автоматты түрде бақылап отыруға мүмкіндік береді.
    - Кез-келген пайдаланушының осы деректерге нақты уақыт тәртібінде қол жеткізе алуы үшін мобильді қосымша даярлануда. Жүйе жұмысы бір айдың ішінде шешілетін болады. Бұған қоса жолаушылардың нақты санын анықтауға мүмкіндік беретін электронды билет беруді енгізу жоспарда бар,- дейді қала әкімінің орынбасары Жандос Байырханов.
    Бұдан басқа биыл Ақтөбеде жаңа тасымалдаушы “Жібек жолы” ЖШС іске қосылады. Қазіргі кезде конкурстық процедура өткізілуде.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жолақы 80 теңге болуы мүмкін
  • Автобустарға электронды төлем жүйесі енгізілуі мүмкін
  • Жолақысы әзірге қымбаттамайтын болды
  • Жол ақысы қымбаттауы мүмкін
  • Ақтөбеде жолақысы 80 теңге болуы мүмкін
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге