Ақтөбеде алғаш рет жас музыканттар мен әртістердің шеруі өтті

    Ақтөбе мен облыс аудандарының 2200-ге тарта жас дарыны Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруіне қатысты.

    Шеру Әбілхайыр хан даңғылының бойында, облыстық әкімдік пен орталық стадион алаңдарының қиылысында өтті.
    Шеруді ашқан Бердібек Сапарбаев мектептің үздік оқушылары, түрлі халықаралық, республикалық олимпиадалар мен жарыстардың жүлдегерлері атанған 20 балаға Орынбордағы “Күншуақ елі” бірегей оқыту-сауықтыру орталығына жолдама тарту етті.
    Қаланың орталық даңғылымен оқушылар, студенттер, балалар мен жастардың музыкалық ансамбльдері, халықтық аспаптар оркестрлері, соның ішінде “Атамекен” студенттер хоры, “Әлия гүлі”, “Искорки”, “Еңлік” және т.б. хореографиялық ұжымдар сынды түрлі шығармашылық ұжымдардан құралған барлығы 2200 жас дарын жүріп өтті. Шеруге сондай-ақ мажореттер мен черлидинг командалары да ат салысты.
    Шерудің мақсаты – балалар мен жастардың орындау шығармашылығын “Мәңгілік Ел” жалпыұлттық идеяны жүзеге асыруда рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық тәрбиенің ықпалы ретінде қолдау және дамыту.

    Айта кетейік, балалар мен жастардың музыкалық оркестрі мен ансамбльдерінің шеруі Халықаралық балалар күніне арналған “Нұрлы болашақ” жалпықазақстандық акцияның бір бөлігі болып табылады. Осыған ұқсас шерулер бір уақытта еліміздің барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар Алматы мен Астана қалаларында өтті.
    Ақтөбеде өткен шеру соңында барлық қатысушыларға тегін балмұздақтар берілді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде балаларды қорғау күні тойланады
  • Сапарбаев грантқа ілікпеген оқушыларға тегін білім алуға жәрдемдеспек
  • Ақтөбеде Президент шыршасы өтті
  • Ақтөбеде автокөліктер шеруі өтті
  • Қайырымдылық концерті өтті
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге