Үйі суға кеткен жалғызбасты ана көмек сұрайды

    Ақтөбелік жалғызбасты ана Нұргүл Ерғалиеваның саяжайдағы үйі су тасқынынан кейін тұруға жарамсыз болып қалған. Қабырғалары көгеріп, сыз басқан баспанада тұрып жатқан ол қайырымды жандардан көмек сұрайды.

    34 жастағы Нұргүл қала шетіндегі Қисық көл бау-бақшасындағы үйді осыдан бірер жыл бұрын салып алған. Өз күштерімен өткен жылы газ да жүргізген. Алайда биылғы су тасқынынан кейін баспанасы жарамсыз болып қалды.
    - Бұған дейін әке-шешем Әйтеке би ауданының Толыбай ауылында тұрды. Ал мен қалада үш баламмен пәтер жалдап жүрдім. 2012 жылы анам инсульт алды. Сондықтан дәрігерлерге жақын болу үшін Ақтөбеге көштік. Ауылдағы үйімізді саттық. Несие алдық. Сөйтіп, үй салып алдық. Суға кеткенге дейін жағдайымыз шүкір еді. Әке-шешемнің зейнетақысы бар, менің жалақым бар. Өмір сүруге жететін. Алайда су тасқынынан кейін баспанамыз жарамсыз болып қалды. Анам да, әкем де науқас. Әкем асқазанына жара шығып, ота жасатқан. Су тасқыны кезінде пәтер жалдап тұрдық. Әкімдік пәтер жалдауға ақша берді. Көмек ретінде 250 мың теңге ұсынды. Өз күшіммен адам жалдап, жөндеу жұмыстарын жүргізген едім. Алайда үйдің іші, төбесі қайтадан көгеріп кетті,-дейді ол.

    Қазір ол қабырғалары көгеріп, ішін сыз басқан үйде әке-шешесімен бірге тұрып жатыр.Ал кәмелетке толмаған үш баласы жалдамалы пәтерді паналауға мәжбүр.

    - Судан кереуеттеріміздің бәрі ісініп кетті. Қазір үшеуміз солардың астына тас пен ағаш қойып, амалдап жатып жүрміз. Әкімдікке жағдайымды айтып бардым. Ең болмаса науқас ата-анама уақытша паналайтын баспана берулерін сұрадым. Бірақ олар енді ешқандай көмек берілмейтіндігін айтты. Қала әкімі Ілияс Испановтың қабылдауына кіргізбеді. Қалалық жұмыспен қамту бөліміндегілер ата-анамды тұрақты мекенжайы жоқ адамдарға арналған бейімдеу орталығына орналастыруды ұсынды. Ол жерге түрмеден шыққандар, аяқ-қолы үсіп қалғандар барады екен. Менің ата-анам қараусыз қалған жоқ қой. Ер баласы болмағанмен, қызы мен бармын, - дейді ашынған ана.
    Баспанасы жарамсыз болып қалған Нұргүл қасиетті Рамазан айында қайырымды жандардан көмек күтеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Су тасқынынан зардап шеккен отбасыға пәтер берілді
  • Алтын алқалы ана уақытша баспана сұрайды
  • Ақтөбелік ана қайырымды жандардан көмек сұрайды
  • Қайырымды жандардан көмек күтеді
  • Ақтөбеде екі отбасы баспанасыз қалды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге