Ақтөбеде жат ағым өкілі ауырып жатқан баласына қан салдырмаған

    Ақтөбе облыстық дін істер басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбатовтың мәліметінше, өңірде 90-ға жуық діни бірлестік бар. Шенеунік жат ағымды тек ислам дінінен іздемеу керектігін айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz

    - Облыс аумағында 800 мың халық тұрады. Олардың ішінде 15 мың халық мешіт пен шіркеуге барып, тұрақты діни рәсімдерді орындайды. Облыс аумағында 66 мешітке тұрақты баратын 12 мың халық бар. Ақтөбеде 90 діни бірлестік жұмыс жасайды. Дін әр адамның сенімінен құралады. Сенімді жоққа шығаруға болмайды. Терроризм ғаламдық құбылыс. Әлемде “Мен терроризмнен тазамын, адамын” деп отырған мемлекет жоқ . Теракт тек Ақтөбеде болып жатыр деп айту да жаңсақ пікір, — дейді Ақтөбе облыстық дін істер басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбатов.

    Басқарма басшысы христиан дінін ұстанушылар арасында да жат ағым өкілдерінің барын растады.
    - Жат діни ағым деген кезде тек исламның жат бағытын айтпауымыз керек. Теріс ағым барлық дінде бар. Мәселен, христиан дінінің арасында да теріс ағым өкілдері бар. Ауырып жатқан баласына қан беруге болмайды дейтін христиандық бағытты ұстанатындар бар. Біздің басқарма осы барлық діннен көмек сұрап келгендерге қолдау білдіреді. Анасының христиандық бағытта басқа ағымға өтіп кеткенін айтып келген қыздар болды. Әжесінің үйін таныс емес басқа адамдарға мирас қылып кеткен оқиғасы болды. Оларға тиісінше нақты жәрдемдер берілді, — дейді Жолдас Қалмағанбетов.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде теріс ағым өкілдері қыз зорлаған
  • Теріс ағымда жүрген темірліктер кәсіпкерлікпен айналыса бастады
  • Мешітке түскен ұры адасқан ағым өкілі болып шықты
  • Мұғалжарда теріс ағым жетегінде жүрген 270 адам бар
  • Жаңа имам: Қаржылық дағдарыс – діни ахуалмен салыстырғанда ойыншық
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге