Ақтөбеде мүгедек жан 10 жылдан бері үйін заңдастыра алмай жүр

    Ақтөбе облысының Комсомол селосында тұратын 2 топ мүгедегі 10 жылдан бері баспанасын заңдастыра алмай жүр. Өтеген Ибраев қолында үйінің заңды құжаты болмағандықтан, ауылға кіріп тұрған газды да кіргізе алмай отыр. Жергілікті әкімдіктің табалдырығын тоздырып шаршаған ол “Керек info”газетіне хат жолдап, мұңын шақты.

    Өтеген Ибраев 2007 жылдың қаңтар айында баспаналы болған. Қазір сол үйде жолдасымен, үш баласымен тұрып жатыр. Алайда әлі күнге дейін қолында үйінің өзінікі екенін дәлелдейтін құжаты жоқ.
    -Маған осыдан 10 жыл бұрын мүгедек ретінде иесіз тұрған үйді тұруға берді. Мұндай шешім Әйтеке би аудандық тұрғын үй бөлу комиссиясының отырысында, заң шеңберінде қабылданды. Алайда сол уақыттан бері құжаттарын заңдастыра алмай келемін. Жекшелендіру басталған кезде бұл мәселемен әкімдікке де бардым. Үйдің бұрынғы иесі арыз жазып, баспанасынан бас тартқан екен,- дейді ол.
    Ауыл тұрғыны құжаттарын арқалап, әкімдіктің есігін сан рет жағалағанмен, әлі күнге дейін тұщымды жауап ала алмаған көрінеді.
    -Осы уақытқа дейін үш рет аудан әкімдігіне арызданып, үйімді жекешелендіруді сұрадым. Соңғы рет 2017 жылдың мамырында бардым. Сол кезде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының басшысы Н. Шағатаев 10 жыл өткен істі қарамайтындығын айтты. Ал ауыл әкімі Б. Прмағанбетов маған “мемлекеттің үйі” деп, жөнін айтпай, жүре жауап берді. Аудан әкімінің қабылдауына да кіре алмадым. Қабылдау бөлімінде отырған Қ. Өтешов әкімнің жеке шаруамен қабылдамайтындығын айтып, кіргізбей қойды. Өзім тұрып жатқан соң, 10 жылдың ішінде үйге жөндеу жұмыстарын жүргіздім. Қалтамнан ақша шығарып, су құбырын тарттым, есік-терезелерін жаңарттым. Енді ауылға кіріп тұрған газды кіргізе алмай отырмын. Егер мемлекеттің үйі болса, неге газды кіргізіп бермейді?! Мүгедектің құқығын қорғап, мұңын тыңдайтын адам таппағандықтан, амалсыздан арызданып отырмын, -дейді Өтеген Зейінұлы.
    Мәселенің мән-жайын білмек болып, Әйтеке би аудандық қаржы бөлімінің басшысына хабарласқан едік. Бөлім басшысы Самат Орынбековтың айтуынша, тұрғын үй иесіз жылжымайтын мүлік ретінде тіркеуге алынған. Енді Әйтеке би аудандық әділет басқармасы баспананың қай уақыттан бастап есепке тұрғандығын анықтауы тиіс. Содан кейін ғана бұл мәселе сот арқылы шешілмек.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік мүгедек биліктен көмек сұрайды
  • Хлебодар ауылындағы иесіз жол көлік қозғалысын қиындатып жіберді
  • Қандыағаштағы баспана дауы бітер емес
  • Ауылға барған жас маман пәтер жағалап жүр
  • Пәтер бөлудің “байғанинше” тәсілі түсінбеушілік туғызды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге