Әдепсіз суреттері үшін ақтөбелік шенеуніктер сөгіс алды

    Ақтөбе облысында әлеуметтік желіге әдепсіз суреттерін жариялаған мемлекеттік қызметшілер тәртіптік жазаға тартылды. Олар қызметтеріне лайықсыз, той–томалақ пен демалыста түскен өрескел суреттері үшін сөгіс алды.

    ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысындағы департаменті мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желісін тексерді. Мониторинг кезінде олардың әдеп нормаларын сақтамайтындығы анықталды. Қызметтен тыс уақытта әдепсіз қылық жасайтындардың дені жас мамандар екен. Қоғамдық кеңесте баяндама жасаған департамент басшысының орынбасары Мира Бибітова қызметшілері тәртіпсіздікке жол берген 9 мемлекеттік мекеменің атын атады. Белгілі болғандай, мемлекеттік қызметшілер той-томалақта, ойын-сауықта, демалыс кезінде, жағажайда мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін суреттерге түскен. Олар қазір әлеуметтік желідегі суреттерін өшіріп тастаған. Қызметтеріне лайықсыз суреттері үшін ескерту алып, сөгіс жарияланыпты.
    -Мемлекеттік қызметшілер жиі тәртіп бұзады. Мәселен, Шалқар аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Әлібеков супермаркет тұтынушылары алдында арызданушының қадір-қасиеті мен ар-намысына нұқсан келтіріп, алкоголь өнімдерін тегін талап еткен. Оның тәртібі әдеп кеңесінде қаралып, қызметіне толық сай емес екендігі жөнінде ескерту берілді. Ал Ырғыз аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы автокөлікті масаң күйінде жүргізгені үшін тәртіптік жазаға тартылды. Мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестациядан өткізу кезінде алкоголді ішімдік ішкен күйі көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар анықталды,-дейді Мира Бибітова.

    Жиында полицейлердің этика нормаларын бұзуы туралы баяндама жасаған Ақтөбе облыстық ІІД басшысының орынбасары Андрей Хайруллин де сынның астында қалды. Ресми тілде баяндама жасаған ол кеңес мүшелерінің қазақ тілінде қойылған сұрақтарына жауап бере алмады.
    -Құқық қорғау мекемесінде лауазымды қызметте отырған басшының қазақ тілін білмеуі ұят. Органда отырғандарға қазақ тілін үйрете алмай отырғанымызға неше жыл болды?! Мемлекеттік тілде қойылған сұраққа сол тілде жауап бере алмаса, бұл қаншалықты этикаға жатады?! -деп сөкті кеңес қатысушылары.

    Жиында кейбір полицейлердің мұнай ұрлығымен айналысқаны, халықтың құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне сенімінің аздығы да айтылды. Биыл полицейлердің үстінен 14 қылмыстық іс қозғалған. Барлығы 17 қызметкер күдікті ретінде танылыпты. Әсіресе, құқық қорғау органының қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық дерегі көп. Полиция подполковнигі қылмыстың көбеюіне полицейлер тәртібінің әлсіздігі мен басшылық тарапынан бақылаудың аздығы себеп екендігін мойындап отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Оттама” дегені үшін әкімнің орынбасары қатаң сөгіс алды
  • Дәрігерлер мен мемлекеттік қызметшілер ақтөбеліктерге тегін кеңес берді
  • Сыбайлас жемқорлық туралы ашық келісім жасалды
  • Тәртіптік кеңесті тыңдамаған әкім
  • Тәртіптік кеңес: “Шалқар чики-чики” деген шенеунік қызметіне толықтай сәйкес емес
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге