Ақтөбеде 9 адамның өліміне себепкер болған жүргізуші тұтқындалды

    Ақтөбеде 9 адамның өмірін жалмаған жол апатына автобус жүргізушісі кінәлі деп табылды. Жарақат алған ер адам ауруханадан шығарылып, уақытша тергеу абақтысына жіберілді.

    Сұмдық жол апаты өткен аптаның соңында Қарабұтақ ауылының тұсында болған. ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, 52 адам отырған автобус аударылған. Оның 50 адамы өзбекстандық болса, қалған екеуі Қазақстан азаматы болған. Жолаушылар Волгоградтан Шымкентке бара жатқан. Жол апатының салдарынан Өзбекстанның 9 азаматы қайтыс болды. Ал 18 адам ауруханаға жеткізілді. Олардың арасында жол апатына кінәлі автобус жүргізушісі де бар.
    - Жол апаты кезінде жарақат алған жолаушылардың бір бөлігі Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілді. Ал екі науқастың жағдайын ескеріп, оларды санавиация арқылы қалалық ауруханаға әкелді. Жолаушылардың бірі облыстық ауруханада ем алып жатыр. Ал бізге жеткізілген автобус жүргізушісінің жағдайы орташа. Қабырғалары сынып, денесі жарақаттанған,-дейді облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Рақымжан Арыстан.
    9 адамның өліміне себепкер болған Қазақстан азаматы енді заң алдында жауап береді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Автобус жүргізушісі 2 баланың анасын қағып өлтірді
  • 54 адам мінген автобус аударылып қалды
  • Хромтауда апатқа ұшыраған қырғыз азаматтары емнен бас тартты
  • Ондаған жолаушысы бар автобус жол апатына ұшырады
  • Алты адамның өліміне себепкер жүргізушіге үкім шықты
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге