Автобус жолаушылары Астана күнін тойлады

    Ақтөбелік жастар қоғамдық көліктер мен аялдамаларды аралап, тұрғындарды мейраммен құттықтады.

    Мұндай шара Астана күніне орай ұйымдастырылды. Жастар қаладағы қоғамдық көліктер мен аялдамаларда тұрғындарды мейраммен құттықтап, оларға ән орындап берді.
    - Бұл акцияның мақсаты – Астана күнін мерекелеп, қоғамдық көліктерде қала тұрғындарының көңілін көтеру. Дәлірек айтқанда, оларды мейраммен құттықтап, өз тілектерімізді айттық. Викторина да әзірледік. Астана туралы 100-ден астам сұрағымыз бар. Дұрыс жауап бергендерге арнайы күнтізбе сыйға тартылды, - дейді облыстық жастар ресурсы орталығының маманы Тарғын Жақыпов.
    Бұл шараны өткізу үшін ұйымдастырушылар "Жасыл ел"жасағынан еріктілерді алдыртқан. Олар кішкентай бүлдіршіндерге шар сыйлап, халыққа патриоттық әндер арнады.
    - Халықтың көңілін көтергіміз келеді. "Автопарк"ЖШС рұқсаты бойынша жастар көп мінетін №1, №24 және №21 автобустарда болдық. Жұмыс күні болғасын, басында адамдар бейқам отырды. Бірақ кейін үйренісе келе, олар қойылған сұрақтарға белсене жауап берді,- деді еріктілердің бірі Аружан Назарғали.
    Бұл жұмыстарына асығып, көңіл көтеруге уақыт таппай жүрген халыққа тосын сый болды. Алғашында тосырқай қарағанмен, кейін ойындарға белсене ат салысып, бірге ән шырқады.
    Ұйымдастырушылардың ай-туынша, мұндай шаралар биыл алғаш рет өткізіліп тұрған жоқ. Бұған дейін олар қоғамдық көліктегі жолаушыларды 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаған. Бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жастардың Астана күніндегі асары
  • Ақтөбе халқының 30 пайызын жастар құрайды
  • Ақтөбеліктер Астана күнін тойлады
  • Ақтөбеліктер Астана күнін тойлайды
  • Ерікті жастар Наурыз мейрамымен құттықтады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге