Ақтөбеде жекеменшік колледж жабылып қалды

    Ақтөбе сәулет-құрылыс колледжі лицензиясынан айрылды. Сот шешіміне сәйкес, оқу орны бұдан әрі қарай студенттерге білім беруді жалғастыра алмайды.

    Ақтөбедегі білім саласын бақылау департаментінің мамандары колледжге тексеру жүргізген. Соның нәтижесінде орта арнаулы оқу орнынан бірқатар кемшіліктер табылыпты.
    - Колледждің жеке ғимараты жоқ. Материалдық базасы да талапқа сай емес. Оқу орны дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерін даярлайды. Сөйте тұра, спорт залы да болмаған. Тамақтанатын орын мен медициналық пункт те қарастырылмаған,-дейді облыстық білім сапасын бақылау департаментінің басшысы Жанна Қайшығұлова.

    Талапқа сай келмейтін колледж өз қызметін толықтай тоқтатты. Жаңа оқу жылында оқуға студенттер қабылданбайды. Ал білім алып жатқан студенттер басқа оқу орнына ауысуы тиіс.Бұдан өзге тексеру кезінде бірқатар жекеменшік колледждердің жатақханалары жоқтығы да анықталған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мемлекеттік қызметкерлер жарысты
  • Әкімгерей Көшербаев “қылмысын“ мойындамай отыр
  • Пандустар талапқа сай емес
  • Білім бөлімімен дауласқан мектеп директоры сотта жеңіліп қалды
  • Медицина колледжінде мүгедектердің білім алуына мүмкіндік бар
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге