Мұғалжарда оқушылардың ыстық тамағы ата–аналарға таратылған

    Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданындағы мектеп асханаларында аз қамтылған отбасы балаларына ыстық тамақ берілмеген. Оқушыларға тиесілі азық-түлікті олардың ата-аналарының қолдарына ұстатып жіберген.

    Заңбұзушылық Мұғалжар ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл ауданаралық басқармасының тексерісі кезінде анықталған. Аға офицер Асхат Телеуовтің айтуынша, Мұғалжар ауданындағы 35 мектептің оқушысын ыстық тамақпен қамтамасыз ету бір ғана кәсіпкерге жүктелген. Бұл үшін жарты жылға 57 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу жөнінде келісімшарт жасалған.
    -Жеке кәсіпкердің конкурсқа ұсынған құжаттары талапқа сай емес. Аудиторлық тексеру кезінде жұмысшылардың біліктілік курсынан өткенін дәлелдейтін құжаттары болмаған. Соған қарамастан Мұғалжар аудандық білім бөлімі мен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қолдау көрсетіп, оны жеңімпаз деп таныған. Заңсыз келісімшарт жасасқан. Құжаттарда бірнеше аспаз жұмыс істеп жатыр деп көрсетілген. Алайда іс жүзінде бір ғана аспаз болған. Ал ата-аналарға азық-түлік қолма-қол таратылып берілген,-дейді Асхат Рыскелдіұлы.
    Тексеруден кейін заңсыз деп танылған 30 мектептің келісімшарты өз күшін жойған. Ал мемлекеттік қызметке кір келтіріп, жеке және заңды тұлғаға қолдау көрсеткен шенеуніктердің ісі Әдеп кеңесінде қаралды. Мұғалжар аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Амангелді Құлет жұмысынан шығарылды. Ол бұған дейін де заң бұзғаны үшін ескерту алған екен. Ал Мұғалжар аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нұркен Алпамысовқа қызметіне толық сай емес деген шешім шығарылды. Айта кетелік, Әдеп кеңесінде Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Серік Сағымбаевтың ісі де қаралды. Ол субсидиялау тәртібін бұзған. Соның нәтижесінде мемлекетке 1 млн. теңгеден астам залал келіпті. Шенеунік кеңес мүшелері алдында заңбұзушылықтың техникалық себептерден туындағанын айтып, ақталды. Дегенмен оған да қызметіне толық сай еместігі туралы ұйғарым шығарылды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Байғанинде мектеп директоры орынбасарынан пара алған
  • Мұғалжарда алимент төлеуден жалтарған әке 5 тәулікке қамалды
  • ҰҚК: Әріптесіміз абайсыздықтан өлді
  • Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына айыппұл салынды
  • Ветеринарлық станция басшысы жұмыстан шығарылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге