Ақтөбеде үй өртеніп, бір адам қайтыс болды

    Ағайынды Жұбановтар көшесіндегі тұрғын үйден түн ортасында өрт шықты. Өрт өткен аптаның аяғында болған.

    Тұрғындардың айтуынша, өрт түн мезгілінде шыққан. Кенеттен шыққан өрттің түтіні көпқабатты үйдің ішін жайлап кеткен.
    - Біз үшінші қабатта тұрамыз. Екінші қабат өртенген. Өрт салдарынан біз жапа шектік. Белгісіз жерден шыққан өрттен үйімізді көк түтін алып кетті. Түтіннің иісі адам шыдатпайды. Үйдегі барлық жиһаздарымызды түтін басып кетті. Түнде шалым ерте ұйықтап қалды. Мен сериал көріп отырып қалдым. Кештеу жаттым. Екілер шамасында шалым келіп, түтіннің иісі шығып жатыр деді. Мен ұйқымнан оянып кеттім. Сөйтіп, залға барып балконды қарадым. Таза екен. Ас бөлмедегі балконға бардым. Ол жақтан да өрттің түрі көрінбейді. Бірақ үйді иіс алып барады. Содан сырттан адамдардың айқайын естідік. Үйлерінен жүгіріп далаға шығып жатыр. Бізде қапылып далаға шықтық. Бұл үйді кім өртеді? Қайдан өрт шықты түсінбедім. Ол үйде пәтер жалдаушылар тұратын. Күз айынан бері тұрып жатыр. Күйеуі мен әйелі, екі баласы бар. Алыстан танимын. Көп ішетін еді. Әйелі жұмыс жасайтын. Қай жерде жасайтынын білмеймін. Жолдасының жұмысы бар ма, жоқ па анық белгісіз. Жақында әйелі екі баласымен кетіп қалған. Әйелі өзінен үлкендеу көрінеді. Бірінші қабат тұрғыны да зардап шекті. Олардың да үйлерін түтін алып кеткен. Балаларын басқа туыс-тарына үйге жіберіп үлгеріпті. Үйінде ыстық су құбыры атылып кеткен. Біз далаға шығып бара жатқанда арқама ыстық су тамды,-дейді көрші әжей Мариям.
    Көршілері айтқан екінші қабаттағы пәтердің есігі құлыптаулы. Ақтөбе ІІД қызметкерлерінің айтуынша, өрт шыққан пәтерден ер адамның мүрдесі табылған. Сот медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда болған істің мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Көп қабатты үйдегі өрттен екі адам зардап шекті
  • Ақтөбеде сегіз отбасы баспанасыз қалды
  • Ақтөбеде көпқабатты үйде шыққан өрттен 4 сәбиге иіс тиді
  • Ақтөбеде көп қабатты үйде шыққан өрттен 4 сәби уланып қалды
  • Қоқыс полигонынан шыққан түтін қаланың тынысын тарылтты
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге