Ақтөбеде 2,5 мың бала екпе алмаған

    Ақтөбеде 2,5 мың бала екпе алмаған

    Негізінен баласына екпе беруден бас тартқандар жұмыссыздар, кәсіпкерлер, мұғалімдер мен мұнайшылар арасында жиі тіркелкен. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің қатысуымен өткен үйлестіру кеңесінің отырысы иммундау тақырыбына арналды.

    2572 жағдайда иммундаудан бас тартқан. 1686 бала бір де бір рет екпе алып көрмеген. Бұл- алғашқы жартыжылдықтың статистикасы. Айта кеткен жөн, жүргізіліп жатқан үгіт-насихат шараларына қарамастан, бұл көрсеткіш төмендемей керісінше өсіп отыр дейді мамандар. 2005-ші жылы вакцина алмаған бала саны небәрі 11 болса, 2012-ші жылы 708 баланың ата анасы екпеден бас тартты.Кейбір аудандардағы жағдай да мәз емес. Нақтырақ айтсақ, Мұғалжар ауданында-305 бала, Темірде-315, алғада-194 бала екпе алмаған. Тек Ырғыз ауданында мұндай мәселе тіркелмеген. Яғни ауданның барлық баласы тиісті екпелерін уақытында алған. Аудандардағы медициналық мекемелерде арнайы құрылған штаб елді мекен тұрғындарымен осы бағытта жұмысты күшейткен. Соңғы жылдары балаларда кездесетін түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу үшін егілетін екпеден бас тартушылар саны жыл сайын артуда. Статистикаға сүйенсек, Республика бойынша Ақтөбе облысы көш басында. Өткен жылдың қараша айындағы мәлімет бойынша 2 жарым мың бала екпеден бас тартқан. Ата-аналар балаларға екпе алудан неге қорқады? Жұқпалы аурулардың белгілі бір түрлерінің алдын алу үшін профилактикалық екпе жасау тиімді әдіс бүгінде. Республика бойынша екпеден бас тарқандар саны жыл сайын артып келеді. Елімізде 8500 бала өз еркінен екпе алуға қарсы. Статистика Ақтөбе облысында да мәз емес. Екпе алдыруға қарсы тұрғындар облысымыздың Темір, Қандағаш, Хромтау, Алға аудандарында көптеп кездеседі екен.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде 2538 ата-ана екпеден бас тартқан
  • Екпеден бас тартатындар арасында дәрігерлер де бар
  • 738 бала мүлдем екпе алмаған
  • Иммундау апталығы өтіп жатыр
  • Шұбаршиде елуге жуық тұрғын екпеден бас тартты
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге