Ақтөбеде бес балалы отбасы далада қалды

    Ақтөбеде бес балалы отбасы далада қалды

    Себебі белгісіз өрттен ақтөбелік отбасы бес баласымен далада қалды. Отанасының алтыншы сәбиге аяғы ауыр. Қазір ақтөбеліктер қала болып зардап шеккен отбасыға көмектесіп жатыр.

    Үй иесі Батыр Тоқмамбетовтің айтуынша, өрт аяқ астынан болған. Тіпті қалай болғанынан өздері де әлі сене алмай, қайғыдан қан жұтып отыр.
    - Бұл үйге келгеніме төрт жыл болды. Биыл көктемде үйіміз суға кеткен болатын. Әкімшілік көмек ретінде жүз елу мың теңге қаражат берді. Соған үйімнің төбесін жабайын деп, материалдар алдым. Үйімді жөндеп жатыр едім. Ойламаған жерден үйімізді өрт алып кетті. Бұл жағдай мені қатты қинап жіберді,- дейді үй иесі.
    Отбасы Ақтөбеге Әйтеке би ауданынан келіпті.
    - Ата-анамыздан ерте айырылдық. Қалада әр жерде пәтер жалдап тұрып жүрдік. Жолдасым екеуіміз балалар өсіп келе жатыр, саяжайдан болса да жер алып, шағындап үй салайық деп шештік. Бар жиған тергенімізді қосып үш бөлмелі шағын үй тұрғызып едім. Бес баламыз бар. Әйелімнің алтыншы балаға аяғы ауыр. Күні жақындап қалды. Жолдасым 53 мектепте еден жуады. Өзім жұмысқа кіргеніме бір апта болды. Өзіміз енді есімізді жиып, жан-жағымызға қарап келе жатқанда, осындай келеңсіз жағдайға тап болып отырмыз,- дейді отағасы.
    Оқиға болған кезде ерлі-зайыптылар жұмыста болыпты.
    - Үйде төрт балам болған. Кішкентайым балабақшада еді. Балалар үйде теледидар қарап отырған. Кішкентай ұлым ұйықтап жатқан екен. Содан екінші балам даладан тарсылдап жатқан дыбыс естілді деп ағасына айтқан. Ағасы мән бермей, отыра берген. Содан үйдің ішіне түтіннің иісі келген. Балалар шошып кетіп, далаға шықса, төбе өртеніп жатыр дейді. Үлкен ұлым көрші ападан “үйіміз өртеніп жатыр” деп көмек сұрайды. Балалар үйдің артында жұмыс жасап жатқан құрылысшылардан да айқайлап көмек сұрап жүгіреді. Құрылысшылар ұйықтап жатқан кішкентай ұлымда алып шыққан. Өрт сағат екілер шамасында болған. Маған көрші апа қоңырау шалып, болған жағдайды айтты. Мен жұмыстан келгенімде үйдің бәрін өрт алып кеткен. Дымы қалмаған. Өрт сөндірушілер үйді таба алмай, кешігіп келген. Қаншама заттарымыз, құжаттар жанып кетті. Балаларым үшін оқу жылына алып қойған кітаптары, киімдері кетті. Ішім ашиды. Жүрегім қан жылап отыр. Енді бес балам далада қалатын болды. Алдымызда күз де жақындап қалды. Енді баратын жеріміз жоқ. Аулада күртеше жасап сонда отырмыз. Басқа амалым жоқ. Балаларыма көлеңке қылып, күртеше жасадым,- дейді үй иесі.
    Кенеттен шыққан өрттен зардап шеккен отбасының көршісі Гүлзира Бекниязова ақтөбеліктерді көмек көрсетуге шақырды.
    -Түскі сағат екілер шамасында үйде ұйықтап жатыр едім. Даладан балалардың айқайлаған дауыстарын естідім. Әуелде, балалар ойнап айқайлап отырған шығар деп жата бердім. Бірақ дауыстары қатты шығып жатты. Далаға шықсам, “біз өртеніп жатырмыз” деп айқай салып, шыңғырып жүгіріп жүр. Үйді өрт алып кеткен. Дереу 101-ге қоңырау шалдым. Үйдің иесіне қоңырау шалып ескерттім. Үйдің артында жұмыс жасап жатқан құрылысшылар келіп, үйдің ішінен газ балондарды, газ плитаны далаға шығарды. Үлгергенімізше киімдерді, көрпе-төсектерді далаға шығардық. Балалар шошып қалған. Әлі күнге дейін естерін жыя алмай жүр. Көз алдарында үйлері өртеніп кеткенін көру оңай емес. Балаларға қандай да болса көмек көрсетілсе екен. Ең болмағанда он күнге дейін лагерлерге орналастырсақ. Аз да болса, естерін жинап алса деп ойлаймын. Қазір оқу да жоқ. Күндіз далада күн ыссыда күртешенің астында отыру оңай емес оларға. Айналайын халқым, осы отбасына көмек беріңіздерші. Жас отбасы бес баласымен далада қалды. Жақсы отбасы, балалары тәртіпті, тіл алғыш. Оқу маусымы жақындады сабаққа баратын киімдер, кітаптар керек. Көмек қолын созыңыздаршы,-дейді көршісі Гүлзира Бекниязова.
    Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар жөніндегі басшысы Нәйлә Бөртебаеваның айтуынша, Тоқмамбетовтар отбасымен бұрыннан бері таныс екен.
    -Тоқмамбетовтер отбасын біз бұрыннан білеміз. Бұл отбасымен тығыз байланыстамыз. Көп балалы ана ретінде, аз қамтылған отбасы ретінде әлеуметтік көмек алды. Батыр Тоқмамбетов жұмыссыз жүргенде, бізге келіп жолықты. “Дорожник” ЖШС-не жұмысшы ретінде Өрлеу жобасы бойынша жұмысқа жіберілді. Шілде айынан бастап Өрлеу бағдарламасы арқылы ай сайын 23 346 теңгеге ақшалай көмек алты айға тағайындалды. Тоқмамбетовтер отбасы өздеріне тиесілі әлеуметтік көмектерді алып жатыр. Соңғы сарапшылардың отырысынан кейін, аз қамтылған көп балалы отбасына бюджеттен жетпіс мың теңге көмек берілді. Болған жағдайға келетін болсам, өте ауыр жағдай деп білемін. Бұл оқиға әкімшіліктің назарынан тыс қалмайды деп ойлаймын. Қазіргі таңда, қалалық әкімшілік осы отбасына көрсетілетін көмектерді қарастырып жатыр. Қоғамдық бірлестіктер, бюджеттен көмек болама ол алдағы уақытта белгілі болады. Оқиға болғаннан кейін бізде отбасының жағдайымен барып таныстық. Өрт деген тілсіз жау. Бұлай боларын кім білген,-дейді Нәйлә Бөртебаева.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде үй өртеніп, бір адам қайтыс болды
  • Екі мүгедек баласы бар отбасы көмек сұрайды
  • 2 жастағы бала отбасын аман алып қалды
  • Ақтөбеде сегіз отбасы баспанасыз қалды
  • Жеке үйдегі өрттен екі адам қайтыс болды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге