Санкт-Петербургтің ардагерлері Ақтөбеге келді

    Сурет www.test.tyachivnews.in.ua сайтынан алынды

    Ақтөбе қаласына Соғыс және еңбек, Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдары ардагерлерінің “Невское” Санкт-Петербург қоғамдық ұйымының жергілікті бөлімшесінің делегациясы келеді. 20 мамыр күні ардагерлерді қала әкімі Ерхан Омаров қабылдады.

    Делегация мүшелері Жеңістің 70 жылдығына орай ақтөбелік ардагерлермен кездесіп, оларға мерекелік медальдар табыстады. Мерекелік медальмен марапатталғандар саны бесеу. Олар: Назарбек Әбдішәріп, Ғалым Қамысбаев,Александр Брихно, Мұратбек Кемеров және Алексей Андреев.

    -Ақтөбеге келгенімізге қуаныштымыз. Бұл – батырлар мекені. 101 атқыштар бригадасы, 312 атқыштар дивизиясы осы жерде құрылған. Даңқты мерген Әлия Молдағұлованың туған жерінде қонақ болу біз үшін үлкен мәртебе. Сондай-ақ, ҰОС жылдарындағы Шығанақ Берсиевтің ерен еңбегін де атап өтпеуге болмайды. Жеңіске Ақтөбенің қосқан үлесі мол. Сұрапыл жылдары Ақтөбе ферроқорытпа зауыты да әскери техникамыздың берік болуына өз үлесін қосты,-деді РФ Санкт-Петербург қаласынан келген делегация мүшесі Андрей Лябин.
    Айта кетейік, делегация мүшелері Ақтөбеде 23 мамырға дейін болады. Олар Ақтөбедегі батырлар ескерткіштеріне гүл қойып,тағзым жасамақшы. Т.Бегильдинов атындағы әскери институтқа, ферроқорытпа зауытына барады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік ардагерлер Астанадағы шеруге қатысады
  • Тыл еңбеккері Роза Итеғұловаға мерекелік медаль тапсырылды
  • Ақтөбеліктер Жеңістің 70 жылдығын мерекелейді
  • “Талисман” би тобы топ жарды
  • Астанадағы әскери шеруге қатысатындар белгілі болды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге