Ақтөбеде үздік отбасылар анықталды

    Ақтөбеде үздік  отбасылар анықталды

    Ақтөбеде қалалық “Мерейлі отбасы” байқауының жеңімпаздары марапаталды. Жүзден жүйрік шыққан Сейтеновтер мен Жұмалиндер отбасы енді облыстық байқауда бақтарын сынайды.

    Сайыс жеңімпаздарының бірі - Мейрамгүл мен Ерболат Сейтеновтердің отасқандарына биыл 23 жыл болады. Бүгінде үш ұл тәрбиелеп отырған отбасы бұл байқауға қалалық білім бөлімінің ұсынысымен қатысқан.

    - Бұған дейін облыстық “Үздік педагог отбасы” байқауынан екінші орын иеленген едік. Сондықтан қалалық білім бөлімінен ұсыныс түсті. Екеуіміз де 23 жылдық еңбек өтілі бар ұстазбыз. Жұбайым Ерболат Ақтөбе медициналық колледжінде орыс тілінен сабақ берсе, өзім мектепте бастауыш пәнінің мұғалімімін. Сол себепті іріктеу кезінде комиссия мүшелеріне өзіміз жазған жас мамандарға арналған методикалық нұсқамалар мен электрондық жинақтарымызды ұсындық. Балаларымыздың спорт пен өнерде қол жеткізген жетістіктерін көрсеттік. Ең бас-тысы, отбасындағы татулық пен ынтымақты насихаттауға тырыстық, -дейді Мейрамгүл Сейтенова.

    Ұлттық байқау 15 мамыр-Халықаралық Отбасы күніне орай осымен екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Қалалық байқау нәтижесінде үздік отбасы атанған Сейтеновтер мен Жұмалиндер 20 мамыр күні өтетін облыстық додаға жолдама алды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде “Махаббат ағашы” композициясы ашылды
  • Соңғы 2 аптада үш оқушы өзін-өзі өлтірді
  • Облыстық театрлық фестиваль - байқауы өтті
  • Әскери кинофильмдер сахналанды
  • “Үздік педагог отбасы” анықталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге