31 мың ақтөбелік жұмыспен қамтылмақ

    31 мың ақтөбелік жұмыспен қамтылмақ

    Биыл Ақтөбеде 31, 1 мың адам жұмыспен қамтылмақ. Жыл басынан бері 20 мыңнан астам адам жұмысқа тұрған. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

    Ақтөбе облысында халықты жұмыспен қамту және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің кешенді жоспарын орындау мәселелері талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің төрағалығымен өткен жиналысқа Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері және басқарма басшылары қатысты.
    Өңірдегі жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу мақсатында жұмыс орындарын құру, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы қайта оқытуды қарастыратын халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша кешенді жоспар жасалды. Жалпы алғанда 2017 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 31,1 мың адамды қамту жоспарда бар.
    Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бибігүл Бисенғалиева қазіргі таңда жоспар 20 328 адамды қамти отыра 65,4 пайызға орындалды деп есеп берді.
    Өңірде “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын” жүзеге асырудың тиімді шаралары қабылданып, Ақтөбе облысына 4,8 млрд. теңге бөлінді. Соның аясында техникалық және кәсіби білімі бар мамандарды қайта даярлау, азаматтарды еңбек нарығында неғұрлым сұранысқа ие кәсіпке немесе кәсіпкерлік негіздеріне жаппай оқытуды ұйымдастыру шаралары қабылдануда. Облыстың Ырғыз, Ойыл, Мұғалжар, Темір, Мәртөк және Шалқар аудандарында “Бастау Бизнес” жобасы жемісті жүзеге асырылып, соның аясында тәжірибелі жаттықтырушылар 1125 ауыл тұрғынын кәсіпкерлік негіздеріне үйретеді.
    Бұған қоса, облыс әкімінің орынбасары Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдерінің оқу бітіргеннен кейінгі жұмысқа орналастыру, құрылған және бос орындардағы жастар тәжірибесі мен әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыстар бойынша нашар нәтижеге қатысты бірқатар кемшіліктерді атап өтті.
    - Негізгі мақсаты халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу болып табылатын кешенді жоспарды жүзеге асыру – мемлекет басшысының негізгі тапсырмаларының бірі. Аталмыш сауал облыс әкімінің қатаң бақылауында. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесі халықтың әл-ауқатына әсер ететіндіктен тиімді болуы керек. Сондықтан, біз неғұрлым көп адамды қамту үшін бар күшімізді салуымыз қажет. Осы мақсатқа қарастырылған қаражат уақытында және толық мөлшерде игерілуі тиіс,-деп атап өтті Ербол Нұрғалиев.
    Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге қатысты сұрақтар да қаралды. Осыған байланысты өңірде халықтың әлеуметтік мәртебесін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Ауыл әкімдерінің жұмыспен қамту орталығының мамандарымен бірге тексеру жүргізуі кезінде 246 780 адамның әлеуметтік мәртебесі анықталып, мәліметтері ақпараттық базаға енгізілді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде жұмыссыздар саны азайып келеді
  • Жұмыссыздар азайып келеді
  • Облыста 20 мың адам “жұмыссыз” жүр
  • Ақтөбеде түрмеден шыққандарды жұмысқа тұрғызу басталды
  • Табысы аз азаматтарға ақшалай көмек көрсетіледі
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге