Ақтөбеде жазасын өтеушілерді ұрған түрме қызметкерлері сотталды

    Түзету мекемесінің үш қызметкері жазасын өтеп жатқан Сұлтан Нұржановты кісеңдеп, соққыға жыққан. «Азаптау» бабы бойынша қозғалған істің үкімі шықты.

    Іс материалдарына сүйенсек, жазасын өтеуші Сұлтан Нұржанов жұмысқа бару үшін өткізу бекетінің алдында тұрған. Сол сәтте ҚАЖ 168/3 түзету мекемесі жедел бөлім бастығының орынбасары Дәулет Байманов өрескел сөздер айтып, сотталғандардың ар-намысына тиеді.

    Бұған төзбеген С.Нұржанов ескерту жасайды. Бұдан кейін ҚАЖ 168/3 түзету мекемесі жедел бөлім бастығының орынбасары Дәулет Байманов, бақылау қызметінің аға бақылаушысы Дамир Сухашев, жедел уәкіл Гумар Ержанов жазасын өтеушіні ұрып-соғып, басын қабырғаға ұрып, қолын кісендеп, арнайы қамауға алады. Азаптан соң жазасын өтеуші Сұлтан Нұржанов түрмеден қашып шығып, прокуратураға арыз жазды. Нұржановтың шағымын сот-медициналық сараптама дәлелдеп шықты. Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚАЖ 168/3 түзету мекемесі жедел бөлім бастығының орынбасары Дәулет Байманов 3 жыл және 6 айға сотталды. Ал Г.Ержанов пен Д.Сухашев үш жылға бас бостандықтарынан айырылды. Олар құқық қорғау саласында үш жыл бойы жұмыс істей алмайды. Жазаларын қауіптілігі орташа түзету мекемесінде өтейді. Түрме қызметкерлері капитан, лейтенант, старшина шенінен айырылды. Сонымен қатар, сотталушылардың әрқайсысы жәбірленуші Сұлтан Нұржановқа 300 мың теңгеден моральдық шығын төлейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Түрмеде “таяқ жеген” сотталушы қыз зорлағаны үшін істі болған
  • Түрмеде таяқ жеген сотталушы оқиғаның қалай болғанын айтты
  • Ақтөбеде колония қызметкерлері сотталушыны азаптаған
  • Күдіктіге күш көрсеткен полицейлер сотталды
  • Әскери қызметкерден ақша талап еткен мұғалжарлық сотталды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге