Ақтөбеде діни көзқарасына байланысты екпе салмайтындар көп

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің берген мәліметі бойынша өңірдегі өзекті мәселенің бірі - балаларды ектіруден бас тарту болып тұр. Ата-аналары осы немесе өзге себептерге байланысты балаларына екпе салдыруға қарсы болғандықтан, облыс бойынша екпе алмаған балалар саны артып барады.

    - Биыл 2572 балаға екпе салынбаған болса, олардың дені 7 жасқа дейінгілер, соның ішінде туғаннан бірде бір екпе салдырмағандар бар, бұл - инфекцияны тез қабылдап алатын балалар саны артуда деген сөз. Жыл басынан бері екпеден бас тартқан отбасылардың үйлеріне барып түсіндіру жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде тек 182 балаға ғана екпе салу мүмкін болды,- дейді Әсет Қалиев.
    Отбасылардың 67,7% - діни себептерге байланысты, 20,6% - жеке көзқарастарына байланысты қарсы болса, 3,6% - негізгі себебі асқынудан қорқу дейді. Маңызды мәселені шешу үшін барлық медицина мекемелерінде бас тартушылармен жұмыстанатын мамандар қабылданды. Ақтөбе мен аудандарда мобильдік топтар құрылып, осындай ата-аналармен қарым-қатынастық дағдылар бойынша жұмыстар жүргізетін медицина қызметкерлеріне семинарлар өткізілуде. Түсіндіру жұмыстары еңбек ұжымдарында, мектептерде жүргізілуде, облыстағы халыққа қызмет көрсету орталықтарында, қоғамдық көліктерде, теледидарда, теміржол вокзалы мен әуежайда екпенің пайдасы туралы бейнероликтер ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде 2,5 мың бала екпе алмаған
  • Ақтөбеде 2538 ата-ана екпеден бас тартқан
  • Екпеден бас тартатындар арасында дәрігерлер де бар
  • 738 бала мүлдем екпе алмаған
  • Темір ауданында нәресте өлімі көбейген
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге