Эпидемиолог: ВИЧ инфекциясы жеміс-жидек арқылы таралмайды!

    Соңғы аптада қалта телефондарының WhatsApp қосымшасы арқылы ВИЧ инфекциясы егілген банандар туралы ақпарат қарқынды тарала бастады. Ешбір ресми мекемеге сілтеме жасалмаған, бірақ кісінің үрейін ұшыратын бұл ақпаратқа орай “Керек.info” тілшісі Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығына хабарласты.

    ВИЧ инфекциясы жеміс-жидек арқылы таралмайды! Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Ғалия Қайназарова осылай дейді.
    Ғалия Қайназарованың пікірінше, бұл елді дүрліктіру үшін таратылған жалған ақпарат. ВИЧ инфекциясы адамның қаны, ана сүті мен жыныстық қатынас арқылы ғана жұғады. Сондықтан Ғалия Қайназарова ақтөбеліктердің алаңдауына еш негіз жоқ деп санайды.

    Айта кетелік, қалта телефондарының WhatsApp қосымшасы арқылы мұндай ақпараттар жиі таралады. Былтыр “банан арқылы эбола вирусы таралып жатыр” деген алып қашпа әңгіме елді біраз әбігерге салған болатын.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Арзан пәтерге өтініш қабылдана бастады
  • Сот терроризмді WhatsApp-пен насихаттағандардың ісін қарай бастады
  • Әлеуметтік желідегі ақпараттың Ақтөбеге қатысы жоқ
  • “Zello” жүргізушілердің ынтымағын арттырды
  • Кәсіпкер Ресейдің кеден комитетін сотқа бермекші
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге