Ақтөбеде 300 адам заңсыз пәтер жалдаған

    Ақтөбеде 300 адам заңсыз пәтер жалдаған

    Жергілікті полиция басшысының айтуынша, күзет жасағының саны көбейді. Алайда бұл да жетіспейді. Полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында такси жүргізушілерін де көмекке шақырмақ.

    Жергілікті полиция қызметінің басшысы Қаныбек Жақсығалиев облыстық мәслихат депутаттарының алдында есеп берді. Оның сөзінше, әрбір төртінші қылмыс көшеде жасалады. Ал көшедегі қоғамдық орынның тек 48 пайызы ғана бейнебақылаумен жабдықталған.
    — Осыған орай, тас жол бойында және қала ішінде күзет жасағының санын көбейттік. Ішкі істер басқармасы мен ішкі істер департаменті аппаратының 70 пайызы жұма, жексенбі және мерекелік күндері де күзетуге шығады, — деді Қаныбек Жақсығалиев.
    Оның айтуынша, биыл полицейлер қаладағы барлық саяжайды тексерген. Соның нәтижесінде заңсыз пәтер жалдап отырған 300-ден астам адам анықталды. Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
    Сондай-ақ, жергілікті полиция қызметінің басшысы мәлімдегендей, әр учаскелік полицейдің қарамағында кемінде 7 қоғамдық көмекші болады. Бұдан өзге, полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында такси қызметкерлерін де көмекке шақырмақ.
    — Олар бәрінен хабардар, сондықтан оларды да жұмылдырамыз, — деді Қаныбек Жақсығалиев.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік тұрғын полиция қызметкерін балағаттады
  • Учаскелік инспекторлар халықпен араласпайды
  • Жергілікті полицияның жаңа бастығы тағайындалды
  • Ақтөбеде отыз мыңнан астам тұрғын саяжайда заңсыз тұрып жатыр
  • Ақтөбеде жергілікті полиция қызметінің басшысы тағайындалды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге