Облыс әкімі сұйытылған газдың бағасын реттеуді тапсырды

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен әлеуметтік газ тапшылығының себебін талқылаған жиын өтті.

    Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов сұйытылған газбен қамту мәселесінің жай -жапсары туралы баяндады. Бөлінген квотаға сай, өңірге 7 700 тонна сұйытылған газ жеткізіледі. Оның 6800 тоннасын "СНПС Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамы, 900-ін "Казахойл Ақтөбе" серіктестігі жеткізуі тиіс. Қазіргі уақытта облыста 95 автогаз станциясы болса, оның 53-і Ақтөбеде, 42-сі аудандарда орналасқан. Биыл 5 айда 22 тағы автогаз станциясы ашылды. Күнделікті облыстың қажеттілігі 240 тоннаны құрайды. Қайрат Бекеновтың пікірінше, айдың басында сұйытылған газдың тапшылығы байқалды. Бұл негізінен газға көшкен автокөліктер санының артуына байланысты болып отыр. Бүгінгі күнге осындай 34 мың 225 автокөлік тіркелді. Олар ай сайын 7597 тонна газды пайдаланады. Осы ретте жергілікті полиция қызметі газ қондырығысын тіркемеген автөліктерді тексеруді бастады. Облыс әкімі орын алған жағдайға, жүргізілген сараптамаға көңілі толмай, әлеуметтік газ бағасының реттелуін тапсырды. Сұйытылған газды өңірге жеткізумен айналысатын қауымдастықтың төраға орынбасары Алтынай Мұханованың айтуынша, қазіргі күні 2920 тонна газ жеткізіліп, пайдаланылды. Тамыз айының соңында тағы 4780 тонна газ әкелінеді. Газды жеткізіп, сату бойынша газ құю бекеттерінің қожайындары мен мемлекеттік орган өкілдері айналысады. "Есеп жүйесін реттеу керек. Әлеуметтік газ мақсатты түрде жұмсалуы қажет. Барлық жұмыстар ашық түрде жүргізілуі шарт" - деді облыс әкімі. Жиналыс соңында облыс басшысы Бердібек Сапарбаев 10 күн ішінде осы проблеманы зерттеп, шешімін табуды қадап тапсырды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Газ тапшылығының себебі анықталды
  • Қорда 7 мың тонна азық-түлік бар
  • Ақтөбеде сұйытылған газ бағасы арзандады
  • Бердібек Сапарбаев: Газ өндірісін ұлғайту керек
  • Ақтөбеде электр энергиясы арзандайды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге