“Қазақстан-Ақтөбе” телеарнасының атауы өзгерді

    28 тамызда “Қазақстан” телерадиокорпорациясының медиа ресурстарында жаңа маусым басталды. Жаңа маусым аясында телерадиокорпорация құрамына енетін арналар мен радиоларда ауқымды өзгерістер болады. Ребрендинг жүргізіліп, студиялар жаңартылып, жаңа бағдарламалар эфирге қосылады.

    Бұрынғы “Қазақстан – Ақтөбе” деген атаудың орнына, енді жекелеген, сол аймаққа үйреншікті атаулар енгізілетін болады. Яғни, Aqtobe telearnasy болып өзгереді. Бұл өзгертулер, аймақтық арналарға ішкі теленарықта дербес жұмыс жүргізуге және аудиторияның кеңеюіне бағытталған. Одан бөлек телеарналардың графикалық безендірілуі, музыкалық-топтамалары және «Қазақстан» Ұлттық арнасының ресми дауысы да өзгерді. Жалпы ребрендингтің басты мақсаты - корпорацияның барлық медиа активтеріне тән, ұлттық дәстүрді әйгілейтін, корпорацияның жаңа әлемдік стандарттарға талпынысын көрсететін - біртұтас танымал белгі құру. Жаңа маусымда Қазақстан Ұлттық арнасында түрлі бағыттағы ондаған жоба көрерменге жол тартады. Атап айтсақ, “Жібек жолы жұлдызы”, “Мен қазақпын” халықаралық музыкалық мегажобалары, ұлттық эстраданы насихаттайтын - «Hit Qazaqstan» музыкалық ән-шеруі жаңа маусымда эфирге енеді. Оған қоса қоғамдық, интеллектуалдық бағыттағы бағдарламалардың саны артады. Бүгінгі заманның сұранысына сай келетін реалити - шоу жанрындағы бағдарламалар көрсетіледі. Кәсіпкерлікті насихаттайтын – “Үміткер”, табиғаттың тылсым күші мен құдіретін көрсететін - “24 сағат табиғат құшағында” экшн реалити-шоуы, отбасылық құндылықтарды дәріптейтін – “Ене мен келін”. Сонымен қатар, эфирден бірқатар деректі фильмдер топтамасы да көрсетілмек: Қазақстанның көпшілікке беймәлім тарихы туралы әңгімелейтін – “Киелі Қазақстан”, сондай-ақ, еліміздің әйгілі адамдары жайлы сыр шертетін – “Ұлы дала ұлағаты”. Ребрендинг аясында бұрынғы бағдарламалардың да форматы өзгереді. 28 тамыздан бастап, “Қазақстан” Ұлттық арнасы – “Alma TV”, “ID TV” сияқты елдегі ірі кабельдік операторлар арқылы HD форматта хабар тарататын болады. Ребрендинг барысында – “Қазақстан” корпорациясының медиаактивтеріне ортақ, танымал логотип бекітіліп, ренейминг, редизайн жұмыстары жүргізілді. Жаңа логотип – корпорация құрамындағы арналар мен радиостанциялардың біртұтастығын білдіретін арнайы белгі ретінде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы іспетті жасалды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Өндірісте жарақат алған ”Қазақстан темір жолының” қызметкері өтемақы өндірді
  • Зейнетақы төлеу орталығының мекен жайы өзгерді
  • Досаев: Мұнай мен доллар бағамының болжамы өзгерді
  • “Ақтөбелік” 6 ойыншы Ұлттық құрамаға шақырылды
  • Қазақстан құрамасы FIFA кестесінде бірнеше сатыға жоғарылады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге