Ақтөбелік келіншек баласын өлі туды

    Ақтөбелік келіншек баласын өлі туды

    Перзентханада ақтөбелік келіншек баласын өлі туды. Шаранасын шетінетіп алғаны үшін келіншектің туысқандары дәрігерлерді кінәлап отыр. Олардың айтуынша, суы кетіп жедел жәрдеммен жеткізілген Асылзат Тұрарға дәрігерлер еш қарамады дейді. Шұғыл босандырудың орнына толғақтың келгенін күткізіпті. Жас босанған ананың өзі де соның кесірінен нәресте тұншығып қалды дейді. Алайда акушерлер өздеріне шаң жуытар емес. Қолдан келген шараның бәрін жасағандарын айтады.

    23 жастағы Асылзат Тұрар басынан өткен жағдайды айта бастаса-ақ, жанары жасқа толып шыға келеді. Шаранасының жатырында жатып шетінеп кеткеніне күйінеді. Ол дәрігерлерді кінәлап отыр. Өйткені суы кетіп, жедел жәрдеммен жеткенде ешкім көмек бермеген көрінеді.
    - Босанамын десем, “жоқ әлі бір-екі сағат күтесіз” дейді. “Күшенбе, күшенбе” деді. Мен жарты сағатқа жеткізбей туып қойдым. Уақытында келіп босандырып алғанда, сәбиім аман қалар еді. Босанғаннан кейін сәбиімді көрдім... Баланың күйігі кетпейді. Өзегім өртеніп барады,- дейді Асылзат. Қазір Асылзат әлі перзентханада. Сәбиі шетінеп кеткеннен кейін келіншектің қан қысымы көтеріліп, қызуы жоғарылап кеткен. Қазір қажетті ем-домдарын алып жатыр.

    Асылзаттың енесі Аққанат Қағазова болған жағдайды естіп, перзентхананың бас дәрігеріне жолыққанын айтады. Бірақ, бас дәрігер көңіл айтудың орнына, қамкөңіл жанның өзіне дүрсе қоя беріпті.
    - 2 қыркүйек күні келінім жедел жәрдеммен перзентханаға түсті. №1 перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауында болды. 3 қыркүйек күні телефон шалып, “ бала шетінеп кетті” деп хабар берді. Мен перзентханаға келіп, дәрігерлерден себебін сұрадым. Олар түнімен бақылау жүргізгенін, таңғы сағат 5:00-де баланың жүрегі соғып тұрғанын айтты. Екі сағаттан кейін тексерген кезде баланың жүрегі тоқтап қалғаны анықталған. Келінім қиналған кезде дәрігерлерге барып айтады, дәрігерлер 3-4 сағат күтуін ескертеді. Акушер ұйықтап жатыпты. Бас дәрігерден “Неге ұйықтайды?” деп сұрасам, “ол да адам, ұйықтауы керек” дейді. Сонда менің келінім адам емес пе? Біреудің өміріне жауапты адамдар емес пе олар? Қолдарына жанын аманаттап тапсырып отырмыз ғой?! 3 келі 200 грамм болып туылған немеремнің балалар мәйітханасынан денесін алдым. Өз өзіме келе алар емеспін, жаным ауырып барады. Шетінейтін бала кетті ғой, енді ең болмаса алдымызда кешірім сұрап, көңіл айтатын шығар десем, дәрігерлердің дөрекілік танытқаны өтіп кетті,- дейді Аққанат Қазақова.
    Жас ана Асылзат Тұрар Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы туған анасына сағат сайын хабарласып тұрған.
    - Сағат сайын қызыма хабарласып, жағдайын біліп отырмын. Дәрігер сол күні ұйықтап жатқан екен. Оятады, бірақ “орныңа жат” деп еш шара қолданбаған, уақыты болмады деп айтқан. Бала тұншығып өлген. Біз дәрігер емеспіз, бірақ анамыз, мән-жайды білеміз. Ана мен бала қаралмаған. Дәрігерлердің қиянаты жанымызға батты. Қызым бұрын босанған адам. Бірінші баласы емес. Бәріміз де әйелміз, анамыз ғой. Екінші, үшінші рет босанатындардың толғағы тез болады. Оны білу үшін дәрігер болудың қажеті жоқ. Неге сонша уақыт күттіріп қойған? - деді анасы Жанат Омарова.
    Қазіргі уақытта орталықта арнайы комиссия құрылып, бала өлімінің мән-жайы анықталып жатыр. Бірнеше сараптама тағайындалды.
    - Перзентханаға түскен Асылзат Тұрардың бұл екінші баласы. Босанушыдан гипоплазия анықталды. Бұл дегеніміз бала жолдасының көлемі мен салмағы кішкентай болған. Бізге түскен кезде күні жетілмеді, анадан су кетті. Клиникалық талап бойынша 24 сағат күтуіміз қажет. Сол аралықта әйелді бақылап, босануға дайындық жүреді. Шараның бәрі қолданылған. Әйел мен баланың жағдайы қалыпты болды. Арада 17 сағат өткенде толғақ басталған. Сол кезде баланың жүрек соғысы естілмей қалған. Гистологиялық сараптама тағайындалды, - деді облыстық перинаталдық орталық директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Сәнтай Бержанова.
    Асылзаттың анасы мен енесі де екі күннен бері перзентхана жағалап жүр. Айы-күні жетіп осында жеткізілген келіншекті дер кезінде неге босандырмағандарына ашынады. Дәрігерлер Асылзаттың шаранасының перзентханаға келгенде жүрегі соғып тұрғанын айтады. Бірақ осыдан сегіз жыл бұрын қабылданған заңға сәйкес толғағы піспеген келіншекті уақытынан ерте босандыруға құқықтары жоқ екен. Сондықтан кем дегенде 24 сағат күтуге мәжбүр болдық деп отыр. Асылзаттың 2,6 жаста қызы бар. Шетінеп кеткен сәбиі ұл бала екен. Асылзаттың туыстары денсаулық сақтау министріне дейін шағымданамыз деп отыр. №1 перинаталдық орталықта жыл басынан бері 13 бала шетінеп кеткен. Ал 38 бала өлі туған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Дәрігерлер жас босанған келіншекті “мүгедек” қылды
  • Ақтөбелік келіншек дәрігерлерді сотқа бермек
  • Шелектегі су сәби өліміне себепкер болды
  • Иіс тиген үш жасар бала шетінеп кетті
  • Мүгедек әйел перзентхананы сотқа берді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге