Білім саласын жемқорлық жайлап барады

    Білім саласын жемқорлық жайлап барады

    Ақтөбенің білім саласында жемқорлық көп. Бұл туралы бүгін яғни, 22 мамыр күні өткен тәртіптік кеңестің жиынында айтылды.

    Облыстың білім беру мекемелерінің басшылары биылдыққа 2 млн теңгеден астам бюджет қаражатын талан-тараж қылған.2014 жылы білім саласына бөлінген 148 млн теңге қолды болды. Мектептер мен балабақшаларда ата-аналардың тамаққа бөлген қаражатын ұрлау, заңсыз жалақы аудару, пара алу деректері жиі кездеседі.

    Сондай-ақ облыс мектептерінің басшылары мен бас есепшілерінің көпшілігі жеке кәсіпкер екендігі де әшкереленді.Тағы бір олқылық-Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы директорларды тағайындауды еш конкурссыз жүргізген.
    Тәртіптік кеңес өкілі Жақсылық Үмбетқалиевтің айтуынша, жыл басынан бері Ақтөбеде сыбайлас жемқорлыққа қатысты 32 қылмыс тіркелсе, оның 4-еуі білім саласына қатысты.

    22 мамыр күні тәртіптік кеңес сыбайлас жемқорлыққа жол берген Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаеваға қатаң сөгіс жариялады. Ал облыстық басқарма басшысы Жанат Самұратова қызметін дұрыс атқармағаны үшін сөгіс алды.

    Білім саласын жемқорлық жайлап барады

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде үздік отбасылар анықталды
  • Ветеринарлық станция басшысы жұмыстан шығарылды
  • Облыста құлағалы тұрған 4 мектеп бар
  • Үзілістің ұзақтығы қалпына келтірілді
  • Балабақшадан орын алу құны 30-100 мың теңге ме?
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге