Ақтөбеліктер мемлекеттен алған 10 соттық жерді интернет арқылы сатып жатыр

    Ақтөбе қаласының кейбір тұрғындары мемлекеттен жалға алған тегін жерге үй салудың орнына алыпсатарлықпен айналысып жүр. Олар 10 сотық жер учаскесін OLX арқылы жарнамалап, пайда табу мақсатын көздейді.

    Жерге жауапты мекеменің басшылығы тұрғындардың бұл тірлігінен хабардар. Алайда қандай да бір шара қолдану әзірге мүмкін болмай отыр. Өйткені жарнама орнатушылар мұны мойындамайтын көрінеді.
    -Мемлекет жерді 3 жылға жалға береді. Осы уақыт аралығында тұрғын үйдің іргетасын құйып, оны салуы керек. Алайда көпшілігі мұны түсінбей, OLX пен басқа да сайттарға жарнамалап, сатып жатыр. Анықтаған жағдайда да, көбісі сатуға қойғандарын мойындамайды. Көпшілігі мемлекеттен алған жерді пайдалану тәртібін түсінбейді. Адамдардың көбі жер телімін алыпсатарлыққа айналдыруда. Үй саламын деп ниеттенушілер бар, бірақ аз. Мәселен, бір-бірін танитын екі ауылдас жерді алып-сатуға келіседі. Бірі екіншісіне “үй салынып болғаннан кейін жердің құжатын өзіңнің атыңа аударып беремін” деп уәделеседі. Құрылыс біткен соң түсінбестік болып жатады. Себебі, келісім тек сөз жүзінде жасалғандықтан, сот алдында дәлелдейтін құжаттары жоқ,-дейді қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ұшқын Мыңбаев.

    Оның айтуынша, жерді сату заңға қайшы. Өйткені ол шынайы мұхтаж адамдарға ғана берілуі керек.
    - Жер алған азаматтың тұрғын үй салуға материалдық жағдайы болмаса, жалдау мерзімі 1-2 жылға ұзартылады. Егер осы уақыт аралығында ол жерде құрылыс жұмыстары жүрмесе, ол адаммен келісімшартты бұзамыз. Жер басқа мұхтаж адамға беріледі. Ал үш жылдың ішінде үй салынып болса, жер жекеменшікке тегін беріледі. Содан кейін жерді салынған үйімен бірге сатса да, сыйласа да, тіпті мұрагерлікке берсе де өз еркі,-дейді ол.
    Ақтөбеліктер кезектен тыс жер алып беруге уәде ететін алаяқтарға да жиі алданатын көрінеді. Биылдың өзінде осындай 7 дерек анықталған. Тергеу амалдары жүруде. Жер алу үшін электронды кезек жүйесі енгізілген. Яғни, адамның өзге жері болмауы тиіс. Басқа қалаға көшсе де, жер берілмейді. Өмірден озған адамдар да кезектен автоматты түрде шығарылады. Осылайша биыл кезектен 4500 адам шығып қалған.
    Айта кетелік, қазір жер кезегінде 127 мың ақтөбелік тұр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • 134 мыңнан астам адам жер кезегінде тұр
  • Жердің сатылуы ақтөбеліктердің ашуын туғызды
  • Тегін берген жерді алмай жүргендер көп
  • Ақтөбе облысында 120 мың гектар жер бос жатыр
  • Өзіне тиесілі емес артық жерді қосып алған мекемелерге үкім шықты
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге