Ақтөбеде жол жөндеу үшін 9,7 млрд теңге бөлінген

    Облыстық және аудандық автокөлік жолдарының құрылысына және жөндеуге биыл бюджеттен 9 миллиардтан астам қаржы қарастырылған. Қазіргі күні 254,7 шақырым жолда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының" басшысы Аязбай Османғалиев мәлімдеді.

    Бөлінген қаражатқа жоспар бойынша 254 шақырымдық жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ақтөбедегі 5 мың шақырым тасжолдың 75 пайызы жүруге жарамсыз. Әсіресе, облыс орталығы мен аудандар арасындағы байланыс нашар. Мәселен, Шалқар ауданына мүлде көлік жүрмейді. Бұл ауданның халқы қатынас үшін тек темір жолды пайдаланады. Сондықтан қатынасты қайта жандандыру үшін жыл өткен сайын жол салуға бөлінетін қаржы көлемі өсіп келеді. Былтыр 8 миллиард теңге бөлініп, 74 жоба іске асырылса, биыл облыстық, аудандық жолдарды жөндеуге 9 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Барлығы 300 шақырымға жуық жолды жөндеу
    жоспарда бар. Мәселен, "Дөң-Бадамша-Ақтөбе-Орск" бағытындағы жолдың 15 шақырымына күрделі, 30 шақырымға жуығына орташа жөндеу жүргізілуде. Сонымен қатар, Ақтөбенің оңтүстік айналма жолының құрылысы басталады. Ауыл мен қала арасындағы жолдарда автостанцияларды көптеп ашу керек. Әрі жаңа автобустар болса, жолаушы саны да артатыны сөзсіз. "Нұрлы жол" бағдарламасы шеңберінде 2019-шы жылға дейін Қобда, Комсомол, Шұбарқұдықта 3 автостанция және жолаушыларға қызмет көрсететін 6 пункт салу жоспарланған Облыс бойынша өтетін шойын жолдың ұзындығы 1,5 мың шақырымды құрайды. Көлік қатынасын жақсарту мақсатындағы жұмыстар күшейтілді. Өңірде 33 теміржол вокзалы болса, халықаралық әуежайдан 6 бағыт бойынша жолаушы тасымалы жүзеге асырылады.
    Ақтөбе-Астрахань бағыты бойынша, Қалмаққырылғаннан бастап жөндеу жұмыстары басталған екен. Қазір ол жерде 3 мердігер өздеріне жүктелген міндеттерін атқарып жатыр.
    Ойыл ауданы орталығына кіре беріс жол түнде салынып, жаңбырға байланысты құрылысы бұзылған. Ойыл әкімдігінің сұрауымен 4-5 мердігер қолдарынан келген жәрдемдерін тегін берсе, аталған басқарма тарапынан арнайы техника жіберіліпті. "Аудан орталығындағы қандай да бір көшені жеке мердігер не жеке кәсіпкер салды деп айта алмаймын, сұрап білуге болады", - деді басшы журналист сұрағына.
    Қала маңы жолдары бойынша да қыруар жұмыстар жүргізіліп жатыр екен.
    Басқарма бастығы Ырғыз бағыты бойынша жолаушыларды үлкен автобустармен тасымалдауға жеке таксилердің көп бәсекелес болып тұрғаны туралы айтып өтті, яғни 18 орындық шағын автобусқа тек 3-4 адам ғана отырады екен. Оның айтуынша, автобуспен тасымалдаушы мердігерлер 1 айдан соң мұндай қатынастың өздеріне тиімсіздігін айтып, бас тартқан.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жол азабы қашан жойылады?
  • Биыл жол жөндеуге 7,8 млрд теңге бөлінді
  • Жолға жауапты шенеунік: Мен де машинамды соғып жүрмін
  • Биыл жол құрылысына 4,3 млрд теңге жұмсалады
  • Жол құрылысына 100 млн теңге бөлінді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге