Ақтөбенің мұнайы теміржол арқылы заңсыз тасымалданған

    Өңірде “қара алтынға” қатысты дау толастар емес. Қандыағаштың көлік прокурорлары мұнайға қатысты кезекті заңсыздықты әшкереледі.

    Прокурорлар «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің қызметіне талдау жүргізіп, мұнай тасымалдауға қатысты біраз былықтың бетін ашқан. Тексеру кезінде соңғы үш жылда теміржол арқылы ілеспе құжатсыз ішкі мұнай тасымалдауға қатысты 33 дерек анықталыпты.
    -Мысалға, Қандыағаш пайдалану локоматив депосы Қандығаш станциясындағы “Қазақстан - отын-энергетикалық кешені” қоймасынан Әйтеке би ауданының Әйтеке би станциясы мен Хромтау ауданының Никельтау станциясына автокөлікпен 143,753 тонна дизельдік отын жіберілген. Сондай-ақ Қандыағаш вагон пайдалану депосы мен Жем пайдалану локоматив депосы да жүк құжатынсыз 88,42 тонна мұнай өнімдерін тасымалдаған,-деп хабарлады көлік прокурорлары.

    Заңсыз мұнай тасымалына қатысты 33 әкімшілік іс қозғалыпты. Мұнай өнімдері тәркіленіп, 30 млн теңге айыппұл салынған. Қазіргі таңда әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді өндіру мәселесі қаралып жатыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ұрланған мұнай теріс ағымдағы адамдардың табыс көзі болған
  • Ақтөбе облысында кәсіпорын басшысы мұнай ұрлаған
  • Ақтөбе облысында мұнай ұрлаған кәсіпорын басшысы сотталды
  • Мұнай ұрлығына қатысты Белоруссия мемлекетінің азаматы ұсталды
  • Ақтөбедегі мұнай ұрлығына қатысты Беларусь Республикасының азаматы ұсталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге