Ақтөбеліктер мемлекеттік қызметті бір жерден алады

    Ақтөбеде “Халықтық кеңсе” мемлекеттік қызмет көрсету орталығы жұмыс істей бастады. Жаңадан ашылған орталық алғашқылардың бірі болып латын әліпбиін де қолдана бастады. Дегенмен 3 қабатты ғимаратта қазір экскалатор жұмыс істемей тұр.

    Жаңа орталық Сәңкібай батыр даңғылы, 249 мекенжайында орналасқан. Бұл жерге қалалық әкімдіктің аппараты мен жер қатынастары , сәулет және қала құрылысы бөлімдері түгелдей көшіп келген. “Халықтық кеңседе” 20 ұйымның кеңесшілері мен мамандары орналасқан. Мұнда қызметтің 600-ден астам түрі көрсетілуде. Жаңадан ашылған орталықтың қызметін қалалық әкімдік аппаратының басшысы Жұман Зине түсіндіріп берді.

    -“Халықтық кеңсені” ашпас бұрын Орал, Шымкент, Астана қаласының тәжірибесімен таныстық. Сөйтіп,тұрғындарға мемлекеттік қызметті алу тиімді әрі қол жетімді болу үшін жаңа орталық ашылды. Бұл жерде жер қатынастары, мектепке дейінгі білім берумен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік және коммуникация, ауыл шаруашылығы, білім, кәсіпкерлікпен шұғылдану, құрылыс, тағы да басқа мәселелерді шешуге болады. Үй мен жұмыспен қамтамасыз ету сұрақтары бойынша да жолыға алады. Бұл жерге 12 мөлтек аудандағы халыққа қызмет көрсету орталығы толықтай көшірілді.Құқықтық қызмет көрсету орталығы да осы жерде. Сондай-ақ тұрғындар "Трансэнерго" АҚ-4,”КазТрансГаз”АҚ-ң, ”Даму” кәсіпкерлікті қолдау қорының,”Ақбұлақ”АҚ, ”Тұрғынүйқұрылыс-жинақбанкінің” мамандарынан кеңес ала алады. Кез-келген қызмет көрсету үшін төлем жасауына да болады. Алдағы уақытта ғимараттың үшінші қабатына жер кадастры бөлімі мен техникалық инвентаризация бюросын көшіру де жоспарда бар, -дейді ол.
    Жұман Зиненің айтуынша, орталықта барлық келушілермен қатар мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға жағдай жасалған. Алдағы уақытта бұл жерде қала әкімі мен орынбасарларының тұрғындарды қабылдауы өтпек. Алайда 3 қабатты ғимаратқа орнатылған экскалатор қазір жұмыс істемей тұр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде “Халықтық кеңсе” ашылды
  • Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың жаңа ғимараты ашылды
  • Зейнетақы төлеу орталығының мекен жайы өзгерді
  • Құрметті ақтөбеліктер мен қала қонақтары!
  • Жаңадан ашылған ХҚКО-на автобус қатынай бастады
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге