Ақтөбеде ет пен жұмыртқа қымбаттады

    Ақтөбеде ет пен жұмыртқа қымбаттады

    Ақтөбе облысында қыркүйек айында азық –түлік емес тауарлардың бағасы 1,0%-ға қымбаттады. Ал азық-түлік тауарларының құны 0,1% төмендегені байқалады. Бұл жөнінде облыстық статистика департаменті хабарлады.

    Базарларда көкөніс өнімінің бағасы төмендеген. Жуа 24,2%, сәбіз – 6,3%, қырыққабат – 4,3% арзандаған. Картоп бағасы 7,9%-ға төмендеген. Алайда қиярдың бағасы тым шарықтап кеткен. Сауда орындарында мамандар бағаның 17,4 % артқандығын байқаған. Құмшекер 8,5%-ға, жармақтар 1,9% арзандапты. Ал ет пен ет өнімдерінің бағасы өсіп кеткен. Статистика мамандары сиыр етінің - 2,3%, шұжықтар мен еттен дайындалған өнімдердің - 1,3%, балық және теңіз өнімдерінің - 1,4%, жұмыртқаның - 5,3% қымбаттағанын айтты. Үйде пайдаланылатын заттардың да бағасы біршама өсе түсті. Бензин бағасы 3,2%-ға, ал дизельді отынның бағасы 5,8 пайызға өсті. Дәрі-дәрмек құны 0,6% жоғарылады. Ал керісінше теміржолмен тасымал 3,1 пайызға төмендеді.Қыркүйекте көмір бағасы да қымбаттаған. Өңірде күннің кенет салқындап кетуіне байланысты қатты отынның құны бірден 7,4% пайызға жоғарылаған.
    Ақтөбе облысында қыркүйекте күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 23794 теңгені құраған. Статистер облыс тұрғындарының жағдайы өткен аймен салыстырғанда 2,7 пайызға төмендеп кеткенін айтып отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде тұрғын үй бағасы өсті
  • Азық-түлік бағасы қымбаттады
  • Ақтөбеде нан бағасы тағы да қымбаттады
  • Ақтөбеде ұн, нан, жұмыртқа бағасы қымбаттады
  • Ақтөбеде көкөніс қымбаттады
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге