Ақтөбеде алғашқы ағынды бекет іске қосылды

    Ақтөбеде алғашқы ағынды бекеті өз жұмысын бастады. Кірпішті ауылында орналасқан жаңа нысанды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев көріп қайтты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

    «Ақбұлақ» АҚ президенті Асан Ыбыраевтің айтуынша, Ақтөбе қаласы тұрғындарының 20 пайызы орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылмаған үйлерде тұрады. Олар септик деп аталатын әжетқұдықтарды пайдаланады. Сондықтан аталмыш ағынды бекетін іске қосу өте маңызды, себебі оның қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға қосатын үлесі зор.
    - Бұрын септиктердегі кәріз суларын бейімделген жерлерге құятын. Енді тұрмыстық қалдықтар осы бекеттерге төгілмек. Барлық тазартқыш машиналардың қалдықтарды белгілі бір жерлерге төгуі мұқият қадағаланды, - деді Асан Ыбыраев.
    Соңғы үлгідегі бекет - бір мезетте бес ассенизациялық машинаны қабылдай алатын жабық ғимарат. Мұнда барлық лас сулар техникалық сумен араластырылады. Оларды ағызып болған соң ассенизациялық цистерналар мұқият жуылып, белсенді хлормен залалсыздандырылады. Жүзеге асырылатын барлық технологиялық үдерістер толықтай механикаландырылған. Жоба құны шамамен 109 млн. теңге.
    Бүгінгі күні Промзона мен 41 разъезд аудандарында тағы екі бекет салынып жатыр. Олар келесі айда пайдалануға берілмек. Бекеттердің құрылысы Ақтөбе қаласындағы экологиялық жағдайды жақсартудың кешенді жоспары аясында жүргізілуде. Сондай-ақ тазартқыш машиналардың жұмыс жасауына жағдай жасауға, кәріз суларын рұқсат етілмеген жерлерде төгу деректерін азайтуға бағытталған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе сасық иіспен күресе бастады
  • Ақтөбедегі сасық иіс жойыла ма?
  • Астанадан келген депутаттар Ақтөбенің экологиясын талқылады
  • Сапарбаев қаланың ең сасық жерлерін аралады
  • Ақтөбеде кәріз станциясы салынады
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге