Ақтөбеде сарбаздар жеке үйден шыққан өртті сөндіруге көмектесті

    Патрульдік күзетке шыққан №6655 әскери бөлімінің сарбаздары жеке үйден шыққан тілсіз жауды сөндіріп, адамдарды құтқаруға көмектесті. Олар үйдің ауласында тұрған шағын автобусты да оттан сақтап қалды.

    Оқиға 7 қазан күні кешкілік Чкалов көшесінде болған. Сол күні Ақтөбедегі №6655 әскери бөлімінің сарбаздары әдеттегідей кезекшілікке шыққан. Қоғамдық тәртіпті бақылап жүрген жауынгерлер жанып жатқан үйді көріп, бірден көмекке асыққан.
    -Кезекшілікте жүрген кезде үйдің түтіндеп, жанып жатқанын байқадық. Бірден көмекке келдік. Алдымен үйдің ауласында жүрген адамдарды сыртқа шығардық. Өрттің маңын қоршауға алып, аула ішіндегі шағын автобусты қауіпсіз жерге көшірдік. Соңыра өрт сөндірушілерге көмектестік,-дейді сарбаздардың бірі Дәулет Елжанұлы. Өрт сөндіру кезінде әскери жасақ құрамында Дәулеттен бөлек Сейітжан Қалжанов, Артем Касьяненко, Алексей Манцок те болған. Сарбаздар 2016-2017 жылдары Алматы мен Павлодар қалаларынан әскерге шақырылған. 20-21 жастағы жауынгерлер қазір Ақтөбеде Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Адамдардың мүлкі мен өмірін сақтап қалуға көмектескен сарбаздар бұл әрекеттерін ерлік деп есептемейді. Олар “әскери міндетімізді орындадық” деп отыр.
    Өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, тілсіз жаудың алаңы 90 шаршы метрді құраған. Алдымен жеке үйдің ауласындағы қорадан өрт шыққан. Соңыра ол жапсарлас салынған моншаның төбесіне ауысыпты. Қазір өрттің шығу себебі мен келген шығын анықталу үстінде.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Құршасай ауылы “өртенді”
  • Әскери бөлімнен сарбаз “қашып кетті”
  • Жеті үйдің шөбі өртеніп кетті
  • ТЖД: Мейрамхана электр желісінің қысқаша тұйықталуынан өртенген
  • Тәжік-ауған шекарасында қаза болғандар еске алынды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге