Ақтөбеде көпірден табылған бүлдіршіндердің анасы анықталды

    Заречный-1 елдімекенінің маңынан табылған қараусыз сәбилердің анасы Алға ауданының тумасы болып шықты. Бұл жөнінде облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

    Қазір полиция екі баланың анасын іздестіріп жатыр. Бұған дейін Ақтөбеде 1,5 және 2 жастағы сәбилердің табылғаны туралы хабарланған еді. Қазір олар “Үміт” сәбилер үйінде жүр. Дәрігерлер балалардың денсаулығынан еш кінәрат таппаған.

    -Полицейлер балалардың анасын әлі іздестіріп жатыр. Оның қайда жүргені белгісіз. Бірақ оның Алға ауданының тумасы екені анықталды. Жасы жиырмада,-деді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Нұргүл Қонақбаева.
    Естеріңізге сала кетелік, тас-танды балалар қыркүйек айында табылған. Полицейлер бүлдіршіндердің ата-анасын іздеп, жақын маңдағы саяжайларды тінтіп шыққан. Тұрғындарға олардың фотосуреттерін де көрсеткен. Алайда ешқандай нәтиже болмапты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік екі сәбидің ата-анасы әлі күнге табылмай жатыр
  • Дәретханадан табылған сәби балалар үйіне тапсырылады
  • Қандыағашта подъезден табылған балаға ат қойылды
  • Қандыағашта подъезден жаңа туған нәресте табылды
  • Полиция ауылдасына оқ атқан күдіктіні екі күннен бері іздестіріп жатыр
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге