«Автопарк» ЖШС-нің қожайыны тағы да сот залына келмек

    Экс-депутат Мейіржан Өндіргеновке "салық төлеуден жалтарды" деген айып тағылып отыр

    Облыстық мәслихаттың экс-депутаты Мейіржан Өндіргеновке қатысты кезекті сот тыңдалымы Ақтөбедегі №2 қалалық сот ғимаратында өтті. Айыпталушының адвокаты Оксана Голубева шағымның мерзімі өткендіктен, қылмыстық қудалауды тоқтатуды сұрады. Алайда сот қылмыстық істің қаралатынындығы туралы шешім қабылдады. Айыпталушылар орындығында Өндіргеновтен басқа Соня Бультекова, Сәлима Жанғалиева мен Жолдыбек Жақсылықовтар да отыр. Барлығына бірдей салықтан жалтарғаны үшін айып тағылып, қылмыстық іс қозғалуда.

    Естеріңізге сала кетелік, 2017 жылдың маусым айында Мейіржан Өндіргенов пен жергілікті автопарк директоры Ербол Әділов бостандыққа шыққан болатын. Экс-депутат өзіне сот тағайындаған 4 жыл мерзімнің 2 жылын абақтыда өтеп шыққан еді. Қалған мерзімі рақымшылық заңына сәйкес айыппұлмен ауыстырылған болатын. 2016 жылы сот Өндіргенов пен Әділовті “Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне алаяқтық жолмен алынған 900,5 млн. теңге көлеміндегі өтемақыны және 9 млн. теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын төлеуге міндеттеген еді. Қазіргі таңда бұл қаржыны борышкерлер толықтай өтеп үлгерген. Өндіргеновтің үстінен қозғалған жаңа істі судья Динара Гильманова қарамақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Кәсіпкер Мейіржан Өндіргенов бостандыққа шықты

  • Өндіргеновтің 3 млрд теңгеге жуық қаржысы тәркіленді
  • Ақтөбелік экс-депутат Мейіржан Өндіргенов 4 жылға сотталды
  • Мейіржан Өндіргеновтің соты 25 сәуірге белгіленді
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге