Қобда ауданынында жаңа мектеп ашылды

    Қобда ауданынында  жаңа мектеп  ашылды

    Қобда ауылында 320 орындық жаңа мектеп-гимназия ашылды. Салтанатты шараға Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

    Жаңа мектеп заманауи компьютерлерлік және кеңсе техникасымен жарақтанған, оқушылардың білім алып, физикалық дамуы үшін барлық тиісті қолайлы жағдай бар. Үш қабатты ғимаратта спорттық және акт залдары, кітапхана, жаңа модификациялы оқу кабинеттері, медиатека, қысқы бақ, демалыс орындары мен тағы басқалар бар. Құрылыстың жалпы құны - 760 млн. теңгеден асады.

    - Тәуелсіздік жылдары ішінде мыңнан аса мектеп салынды. Мұның бәрі де өскелең ұрпақтың халықаралық стандарттарға сай білім алып, Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елдер қатарына тезірек енуіне өз үлестерін қосуы үшін жасалуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, осы жылы Ақтөбе облысында 25 мектептің құрылысы жүріп жатыр, оның 11-і ендігі пайдалануға беріліп те қойған. Жыл соңына дейін тағы төрт мектеп ашылады,-деп атап өтті облыс әкімі өзінің құттықтау сөзінде.
    Жаңа оқу орнының ашылуымен үш ауысыммен оқу мәселесі шешілді.
    - Осы күнге дейін Қобда ауылының барлық 314 оқушысы үш ауысымда оқып келді. Енді ондай мәселе болмайды. Ғимарат – заманауи, әдемі. Мұнда балаларға жағымды әрі қызықты болып, білім беру сапасы жақсарады деп сенемін,-деді мектеп директорының орынбасары Әсия Нұрбаева.
    Қобда ауданына жұмыс сапары барысында өңір басшысы жаңа «Отан Ана» және «Мәңгілік ел» бақтарында болды. «Отан ана» бағының бірнеше тақырыптық аймақтары бар. Олардың бірі Кеңес Одағының батыры, Қобда ауданының тумасы Әлия Молдағұловаға арналған. Осы жылғы күзде атақты мерген қызға биіктігі төрт метр болатын ескерткіш орнатылмақ.Ал «Мәңгілік ел» бағындағы таста Ұлы Отан соғысынан оралмаған 3,5 мың қобдалықтың және осы өлкенің саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған 300 тумасының есімі жазылған. Бақ 13,8 мың шаршы метр. Оның маңызды ерекшелігі –ҚР мемлекеттік рәміздері алаңда орнатылған 21 метрлік тутұғыр болды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе маңынан 600 орындық заманауи мектеп ашылды
  • Бердібек Сапарбаев ақтөбелік оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады
  • Ақтөбеде 1200 орындық мектеп ашылды
  • Өрлеуде жаңа мектеп ашылды
  • Ембіде жаңа мектеп ашылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге