Ескерткіштерді жою жағынан Ақтөбе алдыңғы орынға шықты

    Археологтар Ақтөбені ескі ескерткіштерді жою және құрту жағынан алдыңғы орынға шыққанын айтты. Ақтөбе облысы мен Маңғыстау облысының шекарасында орналасқан Жезді қаласының орнына зерттеу жүргізілуде. Ескі қала қола дәуіріне жатады екен. Бұл туралы Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мейрам Дүйсенғали айтты.

    Қазір облыс көлемінде археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зерттеу жұмыстарына Әлкей Марғұлан атындағы археология институты мен Ресейдің Шығыстану институты және Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғалымдары қатысуда.
    - Жезді қаласының ерекшелігі қола дәуірінен бастап жаңа заманға дейін үздіксіз мекен етілген қаланың орны болып отыр. Жезді қаласының топографиялық жобасы түсірілді. Барлау қазба жұмыстары барысында қола дәуірінің бұйымдары, орта ғасырлық бұйымдар табылып жатыр. Оғыз дәуірінің бұйымдары, оның ішінде белбеу доғасы, жапсырмалары мен жануарлар сүйектері табылып жатыр,-дейді Мейрам Дүйсенғали.
    Биыл Ақтөбе қаласындағы Бекқұл баба ауылында тұрғын үй салу барысында, құрылысшылар алдымен сол өңірге зерттеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат берген. Археологиялық зерттеу нәтижесінде сол жерден ерте темір дәуіріне жататын алтын сырға табылған. Мамандардың айтуынша, ерте заманғы құнды жәдігерлердің жойылып бара жатыр екен. Қазіргі уақытта облыс көлемінде кен игеру, құрылыс жұмыстары қарқынды жұмыс жүріп жатқандықтан, құнды бұйымдардан айрылып жатырмыз дейді мамандар.
    - Ақтөбенің мұнайлы аудандарында қазба жұмыстарын жүргізу мүмкін болмай тұр. Ақтөбе облысы бойынша Мұғалжар, Темір аудандарында тарихи ескерткіштер жойылып жатыр. Өйткені, өндіріс жүріп жатқан жерге рұқсатсыз кіре алмаймыз. Мұнайшы компанияларға археологтарды шақырғанша, айыппұл төлеген ыңғайлы. Оларға салынатын айыппұл да тым төмен. Көптеген құнды ескерткіштеріміз жойылып жатыр, біз солардың қалдықтарын зерттейміз. Ақтөбе облысы ескерткіштерді құрту, жою бойынша алдыңғы орында тұр,-дейді Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық институтының Батыс Қазақстан аймағы бойынша өкілі Арман Бисенбаев.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ырғызды “тонап” жатқан кім?!
  • Қызыл әскерлердің сүйегі қайта қазып алынуы мүмкін
  • Ақтөбенің кей аудандарында тамызға дейін ыстық су болмайды
  • Болашақ дәрігерлер – белбеу күресінің чемпиондары
  • Музей қызметкері “терроризмді насихаттағаны үшін” сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге