Студенттік өмірге билет алды

    Студенттік өмірге билет алды

    Ақтөбедегі көпсалалы “Тарлан” колледжінің 272 студенті студенттер қатарына қабылданды. Салтанатты шара Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрында өтті.

    Бұл оқу орны жыл сайын жаңа студенттерін мерекемен қабылдайды. Оның айқын дәлелі биылғы шара дейді осы оқу орнының ұстаздары.
    Жәрдемғали Шүкіров, физика-математика ғылымдарының кандитаты. Қ.Жұбанов атындағы Университеттің физика кафедрасының доценті:
    - Қ.Жұбанов Университетінде жұмыс жасағаныма биыл 47 жыл толды. Ақтөбе көпсалалы «Тарлан» колледжінің құрылтайшысымын. 2012 жылы барлық мемлекеттік университеттердің колледждерін жабу туралы нұсқау келді. Біздің мамандық басқа колледждерде болмады. Сол себепті студенттерімізді, оқытушыларымызды сақтап қалу мақсатында 2013 жылы «Тарлан» колледжін аштық. Бүгінде колледжде 19 мамандық бар. Қосымша актерлік өнер, қара металлургия, физика мамандықтары бар. Түлектердің саны 800-ден асты. 500-ден аса студент күндізгі бөлімде оқиды. 150 студент мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алуда. Бүгінгі кештің ерекшелігі студенттік билет табыстаймыз. І курс студенттері үшін ерекше кеш болмақ. Жыл сайын дәстүрлі түрде бұл кеш аталып өтеді. «Тарлан» колледжінде көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Отбасы жағдайы төмен балаларға, көп балалы отбасының балаларына, зейнеткерлердің балалары болса оқу ақысын жартылай төлеуге рұқсат етілген. Біздің мақсатымыз студенттерге сапалы білім беру,-дейді ол.
    Студенттердің өзі ұстаздарының осындай мереке жасап бергеніне дән риза.
    Балнұр Қуанышева, студент:
    - Ақтөбе көпсалалы АГУ «Тарлан» колледжінің І курс студентімін. Физика пәні мұғалімі мамандығында білім алып жатырмын. Басқа колледжде бұл мамандықтарды оқытпайды. Бюджеттік топта оқимын. Бүгінгі кештің ерекшелігі - біз бірінші рет студент атанып жатырмыз. Студенттік билет алудамыз. Барлық студенттер қуанышты. Осы кешке арнайы бірдей болып қызыл юбка, ақ кофта киіп келдік. Ал, оқуда бірдей формамен жүреміз. Түрлі киімдер киюге рұқсат етілмеген.
    Сабрина Мадиева, студент:
    - АГУ «Тарлан» колледжінің студентімін. Бюджеттік топта оқып жатырмын. Мамандығым физика пәні мұғалімі. Топта 25 студент бар. Оның жиырмасы қыз бала. Бұл мамандықты таңдаған себебім, мектеп кезден бері есеп шығарғанды жақсы көремін. «Тарлан» колледжінде 17 мамандық түрі бар. Оқу жылы 3 жыл, 10 ай. Оқу тәртібі 5 күндік. Күнде 4 пардан, 80 минуттан болады. Осы колледжде оқып жатқаныма қуаныштымын. Бүгін салтанатты түрде студент атанамыз.
    “Тарлан” колледжі өз студенттерін осылай қарсы алды. Студенттер өз кезегінде жақсы оқып, білімді азамат болып қалыптасуға уәде берді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбелік аспаз студенттер сынға түсті
  • Медицина колледжінде мүгедектердің білім алуына мүмкіндік бар
  • Облыс әкімі ұстаздарды құттықтады
  • Жоғалған студент 3 күннен соң табылды
  • Облыстық театрлық фестиваль - байқауы өтті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге