30 жастағы ақтөбелік жол апатынан мүгедек болды

    Аяқ астынан көлік қағып, мүгедек боп қалған жас жігіттің әкесі дәрігерлерді кінәлайды. Ал дәрігерлер болса қолдарынан келгеннің барлығын жасағанын айтады.

    Қыркүйек айында 30 жастағы Серік Жантікенов таксиге мініп, шаруаларымен шықпақ болады. Бірақ, аяқ астынан көлік қағып ауруханаға түседі. Оқиғаның мән-жайын редакцияға келген әкесі былай деп түсіндіреді:
    Ұлым жол шетінде такси тоқтатып тұрады. Оны көрген такси жүргізушісі сары түске енді жүре бергенде, қапталынан бір көлік кеп түйеді. Такси аударылып түсіп, жол шетінде тұрған менің ұлымды лақтырып жіберген. Ұлым жеті метр қашықтыққа дейін құлаған. Екінші көліктің жүргізушісі өз кінәсін мойындады. Жүргізуші куәлігінен айрылды. Тойдан мас күйінде келе жатқан. Үлкен жылдамдықпен жүргізіп келген екен. Таксист жол апатын тудыратын жағдай жасап, оны кесіп өтпегенде мұндай жағдай болмас еді,- дейді Алмас Жантікенов. Оның айтуынша, одан кейін ұлының жағдайы тіпті адам шошырлық болыпты.

    Көлік қағып кеткен соң ешкім көмектеспеген
    Кенеттен көлік қағып кеткен ұлы жарты сағаттай жерде жатыпты. Ешкім көмектеспеген, тіпті жақындамаған. Куәгерлер де “жедел жәрдем” шақыруға асықпаған.
    - Адамдар тіпті жерде жатқан ұлымды тонап кетіпті. Қалтасынан 35 мың теңгесін, қымбат сағаттарын, тіпті аяқ киімін де шешіп алған. Сосын асықпай видеоға түсіріпті. Біраз уақыт өткен соң “жедел жәрдем” келген. Ұлымды Жедел жәрдем ауруханасына жеткізеді. Ол жақта бізге бар болғаны 20 теңге, жеке куәлігі мен банк карточкасын ғана қайтарды. Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жаяу жүргіншіні қаққан таксист тіпті кешірім де сұраған жоқ. Ал екінші көлік жүргізушісі бізге үнемі көмектесіп отыр,- дейді әкесі.

    “Ұлыма кіргізбеді”
    Ауруханада Серік Жантікеновтың есі кірген. Дәрігерлер оны жансақтау бөліміне ауыстырып, науқас сол жақта 37 күн емделген.
    - Ұлым ауруханаға түскеннен бізді оған жолатпады. Бас дәрігердің орынбасары Марат Жанқұлов неге екені белгісіз, біздерді ұлымызға кіргізбеді. Оның айтуынша, біз Серікке микроб тасуымыз мүмкін екен. Дегенмен, сол дәрігерлердің өздері қалай болса солай жүргенін көзіміз көрді. Егер заң бойынша сағат 11-ден кешкі беске дейін науқасқа кіру керек болса, неге бізді жолатпады? Өлім аузында жатқан ұлыма кіру үшін қандай қорлыққа да төзуге дейін дайын болдым. Мен әкемін ғой, ұлымның қолынан ұстағым келді, Құран оқып, жанында отырғым келді. Ол да менің келгенімді сезер еді, өзін жақсы көретін жандардың барын сезінер еді. Бірақ БСМП-ның дәрігерлері бастарын шайқап, жан сақтау бөлімінің қабырғалары ескі екенін, реанимацияда терезе жоғын, жалақыларының аздығын айтып шағымдана беретін. Маған оның не керегі бар? Мен ұлымды көргім келеді,- дейді әкесі.
    Оның айтуынша, ауруханада жатқан 37 күн ішінде Серік 40 келіге дейін арықтап кеткен. Оған ешқандай ота жасамай, аш ұстаған.
    - Менің ұлымды ауруханадан шығарғанда тек тері мен сүйекті көріп шошып кеттік. Күніне 2-3 мезгіл тамақ беріп, сосын клизма салатын көрінеді. Оның салмағы небәрі 25 келі болып қалыпты,- дейді әкесі.
    Әкесінің айтуынша, кейін осы аурухананың медбикелері Серіктің ағзаларын алу туралы әңгіме болғанын жеткізіпті.
    - «Ұлыңызға қауіп төніп тұр, сараптамалардың барлығы жасалды. Ұлыңыздың ағзаларын алғалы жатыр» деді маған медбикелер. Содан кейін мен шу шығарып, әлеуметтік желілерге жаза бас-тадым. Маған бір кісі хабарласып, оның да інісін көлік қағып кеткенін, БСМП ауруханасында емдегенін, кейін қайтыс болғаны туралы айтты. Туыстары тек моргте ғана марқұмның ағзаларын алып тастағанын білген. Мен де ұлымды осындай жағдайға дайындады ма деп қауіптенемін,- дейді әкесі.

    “Дәрігерлер қолынан келгеннің бәрін жасады”
    Облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Рахымжан Арыстан Серік Жантікенов туралы барлық мән-жайға қанық екенін айтты.
    - 37 күн жан сақтау бөлімінде жатқанын көз алдарыңызға елестетіп көріңіздер! Біз қолымыздан келгеннің барлығын жасадық. Иә, ол мүгедек боп қалса да, жаны қалды. Науқасты тура мағынасында өлім аузынан алып қалдық. Ал әкесі болса тіпті түкке тұрғысыз шу көтеріп жүр. Ұлын біз емес, әлгі екі жүргізуші науқас қылды. Айтатын қандай да бір арызы болса, соларға айтсын. Ал дәрігерлерге тек алғыс қана айтуы тиіс,- деді дәрігер.
    Бас дәрігердің айтуынша, «Дару» клиникасына емделуге өздері ұсыныс тастапты.
    - Біз науқасты реонобилмен апардық. Әкесі жан сақтау бөліміне кіргізбеді деп шу шығарды. Бірақ, бізде тәртіп сондай. Ол жерде өлім аузында жатқан адамдар бар. Жан сақтау бөліміне бейсауат адамның кіруіне болмайды,- деді дәрігер.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жаяу жүргіншіні қағып өлтірген бойжеткен ауруханадан шықты
  • Ақтөбеде көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті
  • Автобус жүргізушісі 2 баланың анасын қағып өлтірді
  • Жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
  • Жол апатынан 8 адам зардап шекті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге