Ақтөбеде жүк көлігімен адам қаққан жүргізуші ұсталды

    Ақтөбеде Камаз жүк көлігімен адам қағып кеткен жүргізуші ұсталды. Оқиға 14 қарашада Кеңес Нокин көшесінде кешкі уақытта болған.

    Кеңес Нокин көшесінде Камаз жүк көлігі 55 жастағы әйел адамды қағып кетті. Марқұм оқиға орнында көз жұмған. Камаз жүк көлігінің жүргізушісі 27 жастағы жігіт есірткі қолданғаны белгілі болды. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық Кодекстің 345 бап, 3 тармағы бойынша сараптама жасалуда.
    - Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Аталған факт бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде,-деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.
    Тағы бір жол-көлік оқиғасы Есет батыр көшесі бойында болды. Жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан тұрғынды жеңіл автокөлік қағып кеткен. Жедел жәрдем бөлімі оқиға орнына жеткен кезде, марқұм қайтыс болған.
    - Ауыр соққының салдарынан көз жұмған. Марқұмның кім екені анықталды, 54 жастағы ақтөбелік Олег Бойков,- деп хабарлайды Ақтөбе облыстық жедел жәрдем бөлімі.
    Ниссан автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі Есет батыр көшесінде орналасқан жүргіншілер жолағынан өтпек болған ақтөбелікті қағып кеткен. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345 бабы, 3 тармағымен сот алды тергеу амалдары жүргізілуде.
    - Жол көлік оқиғасы кезінде жүргізушінің ішімдік ішкені анықталды.
    Қазіргі таңда, жүргізуші ҚР ҚІЖК-нің 128 бабының талаптары бойынша ұсталды,-деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мас күйінде көлік айдағандар суға түсіп кетті
  • Ақтөбеде жеті жастағы баланы көлік қағып кетті
  • Ақтөбеде көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті
  • Көлік қағып қайтыс болған адам анықталды
  • Жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге