Тұрғындар көлік апатына куә болды

    Тұрғындар көлік  апатына куә болды

    17 мамыр күні Заречный елді мекенінде жеңіл автокөлік аударылды. Зардап шегушілерге оқиға куәгерлері көмек қолын созған.

    Оқиға Заречный елді мекеніндегі орман шаруашылығына жақын маңда болған. Куәгерлер көлік жүргізушісі көлікті басқара алмай жолдан шығып кеткенін айтады.

    - Орташа жылдамдықпен келе жатқан көлік тепе-теңдігін жоғалтты. Сөйтіп әрлі-берлі шайқалып, жолдан шығып кетті,-деді оқиғаны көзімен көрген куәгер Нұршат Мұратова.

    Куәгердің айтуынша, апатқа ұшыраған көлік салонында үш адам болған. Оның біреуі 2-3 жас шамасындағы ер бала. Апат кезінде бала салонда қалып қойса, ересектер көлік терезесінен ұшып кеткен. -Зардап шегушілердің жағдайы аса ауыр емес, есін біліп жатты,-дейді куәгерлер.
    BMW маркалы автокөліктің рөлінде 25 жас шамасындағы әйел болған. Куәгерлер оқиға орнынан түсірген фотодан оларға жедел жәрдем дәрігерлерінің көмекке келгенін аңғару қиын емес.

    Полиция бұл жайттан хабарсыз. Өздеріне бұл апат туралы ақпараттың түспегенін айтты.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Хромтауда жеңіл көлік КамАЗ-бен соқтығысты
  • Алты адамның өліміне себепкер жүргізушіге үкім шықты
  • Ырғызда жол апатынан 4 адам зардап шекті
  • Ырғызда жол апатынан 5 адам зардап шекті
  • Алматыда 22 жастағы қыз жүрегі ұстап құлаған ер адамды басып кетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге