Білім саласын жемқорлық жайлап барады

    Білім саласын жемқорлық жайлап  барады
    Сурет www.manrb.ru сайтынан алынды

    Ақтөбенің білім саласында жемқорлық көп. Бұл туралы 22 мамыр күні өткен тәртіптік кеңестің жиынында айтылды.

    Облыстың білім беру мекемелерінің басшылары биылдыққа 2 млн теңгеден астам бюджет қаражатын талан-тараж қылған. 2014 жылы білім саласына бөлінген 148 млн теңге қолды болды. Мектептер мен балабақшаларда ата-аналардың тамаққа бөлген қаражатын ұрлау, заңсыз жалақы аудару, пара алу деректері жиі кездеседі.

    Сондай-ақ, облыс мектептерінің басшылары мен бас есепшілерінің көпшілігі жеке кәсіпкер екендігі де әшкереленді. Тағы бір олқылық - Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы директорларды тағайындауды еш конкурссыз жүргізген.
    Тәртіптік кеңес өкілі Жақсылық Үмбетқалиевтің айтуынша, жыл басынан бері Ақтөбеде сыбайлас жемқорлыққа қатысты 32 қылмыс тіркелсе, оның төртеуі білім саласына қатысты.

    22 мамыр күні тәртіптік кеңес сыбайлас жемқорлыққа жол берген Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаеваға қатаң сөгіс жариялады. Ал облыстық басқарма басшысы Жанат Самұратова қызметін дұрыс атқармағаны үшін сөгіс алды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мектеп директоры 30 млн теңге айыппұл төлейді
  • 3 маусым күні балабақшаға жолдама беріле бастайды
  • Білім саласын жемқорлық жайлап барады
  • Ветеринарлық станция басшысы жұмыстан шығарылды
  • Балабақшадан орын алу құны 30-100 мың теңге ме?
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге