“Мен көкек-ана емеспін”

    “Мен көкек-ана емеспін”

    Ақтөбелік Асылбек есімді тұрғын мүгедек баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Айтуынша, келіншегі үлкен баласын мүгедектігі үшін интернатқа тапсырып жіберіп, өзін екінші баламен тастап кеткен. Жолдасымен ажырасып кетіп екі баланы бөліп алған екен. Оның айтуынша, бұрынғы әйелі баланы бағудан қашып бірінші баласын балалар үйіне тапсырып жіберген. Әлеуметтік желі арқылы тарап кеткен бұл хабардың мән-жайын айту үшін “Керек.info” газетінің редакциясына Асылбектің бұрынғы әйелі Гүлжанат Алдабергенова хабарласты. Келіншектің айтуынша, жағдай мүлдем басқаша болыпты.

    “Бәрі жақсы басталып еді”
    28 жастағы Гүлжанат Алдабергенова тұрмыс құрып, бала сүйгенге дейін бәрі жақсы болғанын айтады.
    - Қазір Мұғалжар ауданында тұрамын. Педагогика мамандығы бойынша бір арнаулы, екі жоғары оқу орын бітірген дипломым бар. 2009 жылы Алға ауданында тұратын Асылбек есімді азаматқа тұрмысқа шықтым. Жақсы отбасы болып тұрдық. Басында ата-енемізбен бірге тұрдық. Артынан бөлек шықтық. 2010 жылы бірінші балам Жанатбек дүниеге келді. Балам он күннен кейін ауырып ауруханаға жаттық. Содан 3 айдан кейін шықтық. Дәрігерлер «микроцефалия» миы дұрыс дамымаған, «гематома» деп диагноз қойды. Дәрігерлердің айтуынша экологиядан болуы мүмкін деді. Түрлі тексерулерлен өттік, емдік шаралар жасадық. Нәтиже болмады. Сөйтіп жүргенде екінші балаға аяғым ауыр екенін білдім. Бұл жаңалыққа қуандық. Мүмкін екінші балам сау болып туылар деп үміттендік. Алайда, олай болмады. Екінші баламды алты айдан асқан шағында босанып қалдым. Екінші ұлымның есімі Рахат. Ол шала туылған соң, перзентханада біраз жаттық. Оған дәрігерлер ДЦП диагнозын қойды. Екі балама аса ерекше күтім қажет. Өзіміз пәтер жалдап тұрғандықтан қиындық көп көрдік. Оның үстіне жолдасым, туысқандарымыз басқаша қарай бастады. Ауру баланы баптап-бағу оңай емес екенін білемін. Қиналған шағымда өзімнің анам көмек берді. Бізге қолына барып тұруға шақырды. Балаларыңды бағып беремін, сендер жұмыстарыңды жасаңдар деп қолдау көрсетті. Жолдасым келісіп, өзімнің ата-анамның үйіне барып бірге тұрдық.

    “Мен көкек-ана емеспін”

    “Жолдасым балалардың ауру болып туылғанына мені кінәлайды”
    Біраз уақыттардан соң жолдасым ашуланшақ болып кетті. Бір нәрсе болса мені кінәлайтын болды. Сенің кесірінен балалар ауру болып туылды деп жиі тиісетін. Тіпті, үлкен ұлын далаға ойнатуға шығармайтын. Шығарса да ашуланып шығатын. Бірде даладан келе сала Жанатбекті жерге тастап жіберді. Мен шыдамай күйеуімді итеріп жібердім. “Неге балаға олай жасайсың” деп ренжідім. Содан ашуланып өзіме қарсы сөйлеп, үйден кетіп қалды. Осылай үйден кетіп қалуды әдет қылды. Екі баламның осындай қалпын көру маған да оңай емес. Мен қиналған уақытта шамалы болса да қолдау көрсетудің орнына, ұрыс шығаруды жиілетті. Балаларымның осындай болып туылғанына менің кінәм жоқ қой. Қандай ана баласынын науқас болғанын қалайды дейсіз?

    “Ажырасып тындық”
    Ақыры шыдай алмай ажырасуға дейін жеттік. Басында жолдасыммен ажырасып кеткенде екі бала да өзімде қалды. Екеумізге ортақ дүние мүлікті, несиені тең қылып екіге бөлдік. Үйде үш машина болды. Соның үшеуінде жолдасыма бердім, тыныш болсын деп. Артынан алимент төлеуге арыз жаздым. Соны біліп жолдасым маған маза бермейтіндігін айтты. Бір баламды өзім алып бағамын, алимент төлемеймін деді. Солай ортақ шешім арқылы екі баланы екеуміз бөліп алдық. Кішкентай ұлым шамалы болса да жағдайы Жанатбектен қарағанда тәуір болды. Сол себепті оны әкесіне бердім. Қазір түрлі емдер алып жатырмыз деп айтқан. Баламның емделіп жатқанын естіп қуанып қалдым. Бірақ, баламды көрейін десем, түрлі сылтаулар айтып көрсетпеуге тырысады. Өзім Жанатбекті алып қалдым. Өйткені ол төсекке таңылған бала. Өздігінен тамақ та іше алмайды.

    “Мен балаларымды тастаған емеспін”
    Жақында интернет желісінен, газеттен мен туралы шығарған ақпаратты көріп қалдым. Мені баласын тастап кеткен, бір баласын тапсырып жіберген деген жалған ақпарат таратылған. Туысқандарым, жұмыстастарым, таныстарым барлығы маған қоңырау шалып шулап жатыр. Мен сондай сөзді естіп есеңгіреп қалдым. Тіпті интернет желісінде түрлі пікірлер жазылған. Мені «көкек ана», «балаларын қалай тастап кеткен» тағы сол сияқты көптеген ауыр сөздер айтылған. Мені білмей, қалайша олай айтуға болады? Ішімнен шыққан балаларымды тастамаймын. Екі баламды да қатты жақсы көремін.

    Мен көкек ана емеспін. Баламды тастаған жоқпын. Үлкен ұлым қазір «Жайна» оңалту орталығында емделіп жүр. Оңалту орталығы мен жетімдер үйі екі бөлек. Жұрттар түсінбей жатқан болар. Оңалту орталығында балаларға ерекше күтім жасалады. 24 сағат бойы балаңды қарап, баптап-бағады. Ол жерге бергеніме 8 ай болды. Кез-келген уақытта алып кетуге болады. Онда балаға күтім жасайды, түрлі профилактикалық емдеу шаралары жүргізіледі. Өзім балабақшада тәрбиеші болып жұмыс жасаймын. Баламды үйде отырып өзімде баға аламын. Алайда, дәрігерлердің қарау басқаша болады ғой. Баламның қазіргі жағдайы жақсарып келеді. Тістері шыққан, аузындағы суы тыйылған. Тамақ ішуге тәбеті жақсарған. Жақсы нәтиже болып жатса, баламның емін одан әрі жалғастырамын.

    Оңалту орталығы – жетімдер үйі емес
    Жанатбектің жағдайын білу үшін “Жайна” оңалту орталығының басшысымен сөйлескен болатынбыз.
    - “Жайна” оңалту орталығы 2016 жылы ашылды. Көпшілік ата-аналардың сұранысы бойынша ерекше күтімді қажет ететін мүмкіндігі шектеулі балаларға орталық ашу көптен ойымызда болды. Ата-аналар тарапынан көптен бері әкімдік түрлі хаттар жазып осы мәселе қаралып жүрді. Біздің балалар Қызылорда, Атырау облыстарына барып жүрді,-дейді орталықтың басшысы Нұрша Жарболова.

    Орталыққа мүмкіндігі шектеулі балалар, талма ауруына шалдыққан балалар, ақыл-есі төмен, төсек тартып қалған, неврологиялық ауытқулары бар 3-18 жас аралығындағы балалар жатады. Қазіргі таңда орталықта 67 бала жатыр. 70 адам жұмыс жасайды. Тәжірибелі дефектолог, логопед, психолог мамандары жұмыс жасайды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Қандай жағдайда да сабыр сақта
  • Балабақшада құлаған сәби эпилепсия ауруына шалдықты
  • Ақтөбеде үш балалы келіншекті күйеуі үйінен қуып шықты
  • Мүгедек балалар Алғаның оңалту орталығынан жара жұқтырды
  • Баланың бәрі бақытты болу үшін жаралған...
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге