Жұмыстасын буындырып өлтірген ер адам 15 жылға сотталды

    45 жастағы Сергей Шестериков жұмыстасын электр бауымен буындырып өлтірген. Екеуара даудың туындауына марқұмның “әйелдердің барлығы жезөкше” деген сөзі себеп болған.

    Қанды оқиға биыл 21 шілдеге қараған түні болған. Ер адам жұмыстасының үйіне келіп, бірге ішімдік ішеді. Соңыра олар араларында әйелдерге қатысты жанжал туындап, төбелесіп қалады. Ақыры ашуға булыққан ер адам оны электр бауымен буындырып өлтіреді. Кейін қылмысын жасыру үшін пәтерді өртеп жібереді. Марқұмның ұялы телефонын ұрлап, оқиға орнынан қашып кетеді. Сотта белгілі болғандай, өртенген пәтер басқа әйелге тиесілі болып шықты. Марқұм оны жалдап тұрған екен. Пәтер иесіне 651 мың теңге материалдық шығын келген.
    Сергей Шестериковке ҚР қылмыстық кодексінің 99 бабының 1-бөлігі “Адам өлтіру”, 188 бабының 1 бөлігі “Ұрлық” және 202 бабының 2 бөлігі “Бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру” бо-йынша айып тағылды. Сотта ол полицейлер азаптағандықтан, қылмысты мойындағанын айтты. Бірақ бұл дәлелін тапқан жоқ.
    28 қарашада Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта жұмыстасын асқан қатігездікпен өлтірген ер адамға үкім шықты. Бұған дейін оған адам тонағаны үшін 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Алайда дұрыс жолға түспеген ер адам енді өмірінің 15 жылын темір торда өткізеді. Сотталушы абақтыда маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделетін болды. Бұдан бөлек ол марқұмның туыстарына 1 млн теңге моральдық шығын төлейді.Ал өртенген жалдамалы пәтерге қатысты іс азаматтық сотқа жолданды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында ер адам құдасын қайшымен өлтірді
  • Үш жылқышыны жайратқан қылмыскер ұзақ мерзімге сотталды
  • Кейуананы ыстық үтікпен азаптап өлтірген ерлі-зайыптылар сотқа келді
  • Ақтөбе облысында 88 жастағы зейнеткерді ұрып өлтірген жігіт сотталды
  • 43 жастағы жігіт ит етін бөліп жеген бөтелкелесін пышақтап өлтірді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге