Ақтөбеде уақытша тергеу изоляторы құлағалы тұр

    Апаттық жағдайда тұрған абақтыдан экстремистер қашып кетуі мүмкін. Ақтөбе облысының ІІД материалдық-техникалық базаны нығайту үшін бюджеттен 7,7 миллиард теңге ақша сұрап отыр.

    Ақтөбеде 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет шығыны нақтыланып жатыр.Облыстық мәслихатта бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген оты-рысы өтті. Ақтөбе облысының ІІД бастығы Махамбет Әбисатов келер жылы бюджеттен 7,7 миллиард теңге бөлуді сұрап отыр. Бұл қаржының 4,5 миллиард теңгесі қызметкерлерге жұмсалсалса, қалған 3 миллиард теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Террорлық актіге қарсы тергеу изоляторының қауіпсіздігі күштейтіліп, жаңа құрал-жабдықтар сатып алынады.

    - Тұтқында отырған адамдар қашып кетпеуі үшін уақытша тергеу қапасына жөндеу жүргізу қажет. Ғимарат 1950-60 жылдары салынған. Ол әбден ескірген. Кірпіштері сөгіліп жатыр, - деді Ақтөбе облыстық ІІД бастығы Махамбет Әбисатов.
    Ал полиция қызметкерлеріне көлік сатып алуға әуелгіде 722 миллион теңге сұралған еді. Енді 400 миллион теңге бөлінетін болды. Бұл қаржыға 53 көлік сатып алынады.
    - Бізде 40 машинаны сатып алуға ақша бөлінді. Бірақ 80 көлік қолданыстан шығарылған.Соның нәтижесінде полиция қызметкерлері жаяу жүруге мәжбүр болды. Олар жедел әрекет ете алмады. Облыс орталығындағы жөндеуге болатын көліктерді қалпына келтіріп, аудан, ауылдарға жібереміз. Біз облыстық бюджеттен қажетті көліктің үштен бірін сұрап отырмыз, - деді Махамбет Абисатов.
    Бұдан бөлек тұрғылықты баспанасы жоқтар паналайтын интернат пен қызметтік иттердің орынжайына да қаражат қарастырылған. Айта кетелік, бүгінгі күні Ішкі істер департаментінің көлікпен қамтылу көрсеткіші 61 пайызды құрайды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде жол жөндеу үшін 9,7 млрд теңге бөлінген
  • Былтыр облыстық бюджеттен 1 млрд теңге игерілмей қалған
  • Қосымша 4 миллиард теңге алуға болатын еді
  • Ақтөбенің жолдарын жөндеуге бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінді
  • Бюджет қаржысы үнемделеді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге